Бөлім
Құрылым және басқару
Бейсембаева Гульмира Кенжешевна
Бухгалтерлік есеп департаментінің директоры
Жалпы ақпарат, білімі
Бейсембаева Гульмира Кенжешевна 1969 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. «Көтергіш-тасымалдау, құрылыс және жол машиналары» мамандығы бойынша Алматы теміржол көлігі инженерлері институтын және «Қаржы» мамандығы бойынша Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін бітірген. 19 желтоқсан 2012 жылда № 0002112 Кәсіби бухгалтер сертификатын, 18 мамыр 2021 жылда № 00025 Салық кеңесшісі сертификатын иеленген.
Мансап жолы
1992-2013 ж.ж. – «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компания филиалы – Сарыарқа жол дистанциясында (Қарағанды қ.) техник, бухгалтер-есеп айырысушы, еңбекті ұйымдастыру және нормалау жөніндегі жетекші инженер, бас бухгалтер қызметтерін атқарды.
2013-2014 ж.ж. – Қарағанды облысының мемлекеттік-жекешелік әріптестік өңірлік орталығының бас бухгалтері;
2014-2023 ж.ж. – «Парасат» ғылыми-технологиялық орталығы (Ұлттық ғылыми-технологиялық холдинг, Астана қ.): Бухгалтерлік есеп департаментінің директоры-Бас бухгалтер, Бас бухгалтер-Басқарма мүшесі;
2023 жылдан қазіргі уақытқа дейін – «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы, Бухгалтерлік есеп департаментінің директоры-Бас бухгалтер қызметін атқарды.
