Филиал
Алматы облысы
бойынша Өрлеу
Институт туралы
мен
фактілер
Оқытылған педагогтер
Өткізілген курстар
Курстан кейінгі қолдаумен қамтылған педагогтер
Шетелдік ұйымдармен жасалған меморандумдар мен ынтымақтастық туралы шарттар
Тарих
1951 жыл
1951 жылы 15 наурыздағы Қазақ ССР Оқу Министрлігінің №84 бұйрығына сай республикалық, облыстық, қалалық әдістемелік кабинеттер негізінде Алматы облыстық білім жетілдіру институты құрылды.
1950-1960 жылдары
1950-1960 жылдары қазақ мектептерінде оқу-тәрбие үдерісіне баса назар аударылды. Мектеп оқушыларының рухани даму жолдары, оларды оқу, өндіріс жұмыстарына тарту маңызды рөлге ие болды. Оқулық авторлары, белгілі ғалымдар Т.Тәжібаев, А.Сембаев, С.Қирабаев, Т.Ақшолақов, Қ.Жарықбаев секілді ғалымдар тұрақты түрде дәріс оқыды.
1970-1980 жылдары
1970-1980 жылдары 6 жастағы балаларды оқытуға қатысты мұғалімдердің әдістемелік білімі мен педагогтердің кәсіби шеберліктерін арттыру бағытындағы жұмыстар кеңінен ұйымдастырылды.
1990-1991 жылдары
1990 жылдан бастап Ы.Алтынсарин атындағы Педагогикалық ғылыми-зерттеу институтымен тығыз жұмыс басталды.
1991 жыл Белоруссия, Латвия, Литва республикасымен ынтымақтастықта жұмыс істеліп, «Адамтану» атты курстық бағдарламасы жасалып жүргізілді.
1992 жыл
1992 жылғы 03 маусымдағы Алматы облыстық әкімшілігінің №285 шешімі бойынша мұғалімдер білімін жетілдіру институты Алматы облыстық мамандар кәсібін дамыту институты болып қайта құрылды.
2009 жыл
2009 жылы Ресейдің Самара, Отрадный қалаларының педагогтерімен іс-тәжірибе бөлісу жұмыстары жүргізілді. Қорған университеті (Ресей), Ереван (Армения), Ташкент (Өзбекстан), Бішкек (Қырғызстан), ЮНЕСКО-ның Білім беруді кластерлік бюросымен, ЮНИСЕФ-тің Балалар қорымен, Ұлыбритания елшілігінің British Council ұйымдарымен ынтымақтастықта жұмыс істелді.
2012 жыл
2012 жылдың қазан айы институт тарихына үлкен өзгеріс әкелді. ҚР Үкіметінің 2012 жылдың 17 ақпанындағы «Мемлекеттік кәсіпорындарды қазыналық меншіктен республикалық меншікке беру және ҚР Білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру орталығы» АҚ құру мәселелері туралы» №232 қаулысы бойынша «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы ретінде «Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» болып өз қызметін бастады.
2013 жыл
2013 жылдың 01 наурызынан Деңгейлік бағдарламалар орталығы ашылды. 24 тренер Халықаралық Кембридж университетінің емтихан кеңесінің сертификатын алды.
2013 жылы институттың 14 қызметкері Англия, Франция, Финляндия, Сингапур, Оңтүстік Корея, Корея, Австралия, Ресейде оқытудың инновациялық технологиялары бойынша біліктіліктерін арттырды.
2016 жыл
2016 жылы Жаңартылған білім беру мазмұны бағдарламасы бойынша курстар басталды. 2016-2021жылдар аралығында осы бағдарлама аясында 26790 педагог курстан өтті.
2017-2019 жылдары
2017 жылы 21-22 қарашада «Білім және ғылымдағы инновациялар» тақырыбында Халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция өтті.
2018 жылы 22-23 қарашада «Білім және ғылымдағы инновациялар» тақырыбында Халықаралық ғылыми-әдістемелік конференциясы өтті.
2019 жылы «Білім және ғылымдағы инновациялар: жаңа талаптар» Халықаралық ғылыми-әдістемелік конференциясы екінші рет өткізілді.
2020 жыл
2020 жылы Қашықтықтан оқыту бойынша авторлық бағдарламалар, бейнесабақтар жасалды.
2021 жыл
2021 жылы маусым айында «Әлемдегі ғаламдық мәселелерді шешуде рухани-адамгершілік білім берудің басымдылығы» Республикалық ғылыми-әдістемелік конференциясы өткізілді.
Институт құрылымы
Біздің оқытушылар
Директор блогы
Құрметті оқырмандар, блогқа қош келдіңіздер!
Директор блогы маған тікелей хабарласуға мүмкіндік береді. Мұнда сіз біліктілікті арттыру курстары мен білім беру саласына қатысты барлық сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңызды қалдыра аласыз.
Мен сіздің кез-келген сұрағыңызға жауап беруге және кері байланыс орнатуға дайынмын!
Құрметпен, Нұрлыбаев Қайсар Көпжасарұлы
“Өрлеу” филиалы Алматы қаласы бойынша Кәсіби даму институтының директоры
«Өрлеу» филиалы
«Өрлеу» филиалы — педагогтердің үздіксіз кәсіби дамуының ұлттық жүйесінің бір бөлігі болып табылады және өңірде педагогикалық кадрларды біліктілігін арттыру, кәсіби қолдау және сүйемелдеу бағдарламаларын жүзеге асырады. Сонымен қатар, заманауи оқыту әдістемелерін және цифрлық білім беру шешімдерін енгізіп, азаматтардың жеке мәселелері бойынша қабылдау, ашық есік күндерін өткізу және педагогтер мен мүдделі азаматтарды кеңес беру арқылы ашықтық пен қолжетімділікті қамтамасыз етеді.








