+7 (7172) 57 46 00

M

Филиал

 

Маңғыстау облысы

бойынша Өрлеу

Институт туралы

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы Маңғыстау облысы бойынша кәсіби даму институты

 
 
Сандар

мен

фактілер

Оқытылған педагогтер

Өткізілген курстар

Курстан кейінгі қолдаумен қамтылған педагогтер

Шетелдік ұйымдармен жасалған меморандумдар мен ынтымақтастық туралы шарттар

Тарих

1973 жыл

1973 жылы Маңғышлақ облыстық мұғалімдер білімін жетілдіру институты болып құрылды

1988 жыл

1988 жылдың тамыз айында Маңғыстау облысының таратылуына байланысты облыстық мұғалімдердің білім жетілдіру институты да жабылып, Шевченко қалалық білім жетілдіру орталығы болып құрылды

2006 жыл

2006 жылдан бастап мекеме Маңғыстау облыстық білім беру ұйымдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институты деп аталды

2006 жыл

2006 жылдың қыркүйек айында институт жанынан «Ұстаздар үйі» ашылды

 

2007 жыл

2007 жылдан бастап И.Т Джумагалиева., В.И. Токаревалардың авторлығымен дайындалған «Нәтижеге бағытталған мектеп:  тұлға құзыреттілігін қалыптастыру мақсатында білім беру жүйесіндегі жаңа технологиялардың ролін арттыру» тақырындағы ғылыми-зерттеу жобасы жұмыс жасады

2008 жылдары

2008 жылы «Нәтижеге бағытталған мектеп:  тұлға құзыреттілігін қалыптастыру мақсатында білім беру жүйесіндегі жаңа технологиялардың ролін арттыру» жобасы бойынша  облыстық білім басқармасының 02.04.2008 ж. № 85 н/қ «Нәтижеге бағытталған мектеп» инновациялық педагогикалық технологияны енгізу туралы бұйрығы  негізінде жаңа технологияны облыс мектептеріне жүйелі енгізу мақсатында 17 мектеп  эксперимент алаңына  енгізілді.

2012 жыл

2012 жылдың қазан айында облыстық біліктілік арттыру институты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамын құру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылдың 17 ақпанындағы 232 қаулысына сәйкес республикадағы 17 біліктілік арттыру институтын біріктіретін «Өрлеу» БАҰО» АҚ-ның филиалы Маңғыстау облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты болып құрылды

Институт құрылымы

Біздің оқытушылар

Директор блогы

Құрметті оқырмандар, блогқа қош келдіңіздер!

Директор блогы маған тікелей хабарласуға мүмкіндік береді. Мұнда сіз біліктілікті арттыру курстары мен білім беру саласына қатысты барлық сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңызды қалдыра аласыз.

Мен сіздің кез-келген сұрағыңызға жауап беруге және кері байланыс орнатуға дайынмын!

Құрметпен, Тлеуов Кайрат Кипчакбаевич

“Өрлеу” филиалы Маңғыстау облысы бойынша Кәсіби даму институтының директоры

«Өрлеу» филиалы

 

«Өрлеу» филиалы — педагогтердің үздіксіз кәсіби дамуының ұлттық жүйесінің бір бөлігі болып табылады және өңірде педагогикалық кадрларды біліктілігін арттыру, кәсіби қолдау және сүйемелдеу бағдарламаларын жүзеге асырады. Сонымен қатар, заманауи оқыту әдістемелерін және цифрлық білім беру шешімдерін енгізіп, азаматтардың жеке мәселелері бойынша қабылдау, ашық есік күндерін өткізу және педагогтер мен мүдделі азаматтарды кеңес беру арқылы ашықтық пен қолжетімділікті қамтамасыз етеді.