Филиал
Жамбыл облысы
бойынша Өрлеу
Институт туралы
мен
фактілер
Оқытылған педагогтер
Өткізілген курстар
Курстан кейінгі қолдаумен қамтылған педагогтер
Шетелдік ұйымдармен жасалған меморандумдар мен ынтымақтастық туралы шарттар
Тарих
1951 жыл
Жамбыл облыстық мұғалімдерді жетілдіру институты құрылды
1991 жыл
Жамбыл облыстық мұғалімдерді жетілдіру институты білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институты болып қайта аталды
2005 жыл
Жамбыл облыстық білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институты «Жамбыл облысы педагог кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты» мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып қайта ұйымдастырылды
2012 жыл
Қайта құрылымдауға байланысты «Жамбыл облысы педагог кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты» мемлекеттік қазыналық кәсіпорны «Жамбыл облысы педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институты» РМҚК болып қайта аталды.
Қараша 2012 жыл
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Жамбыл облысының біліктілікті арттыру институты» РМҚК «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы Жамбыл облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты болып қайта құрылды (Директорлар кеңесі отырысының 2012 жылғы 19 қыркүйектегі №1 хаттамасы).
«БІЛІМ.KZ» республикалық педагогикалық журнал және «ЗАМАНУИ ҰСТАЗ» аймақтық педагогикалық газет шығарылады
Қазан 2019 жыл
«ÓRLEÝ TYNYSY» республикалық педагогикалық журнал шығарылады.
Институт құрылымы
Біздің оқытушылар
Директор блогы
Құрметті оқырмандар, блогқа қош келдіңіздер!
Директор блогы маған тікелей хабарласуға мүмкіндік береді. Мұнда сіз біліктілікті арттыру курстары мен білім беру саласына қатысты барлық сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңызды қалдыра аласыз.
Мен сіздің кез-келген сұрағыңызға жауап беруге және кері байланыс орнатуға дайынмын!
Құрметпен, Қожамжарова Ләтипа Сейдахметқызы
“Өрлеу” филиалы Жамбыл облысы бойынша Кәсіби даму институтының директоры
«Өрлеу» филиалы
«Өрлеу» филиалы — педагогтердің үздіксіз кәсіби дамуының ұлттық жүйесінің бір бөлігі болып табылады және өңірде педагогикалық кадрларды біліктілігін арттыру, кәсіби қолдау және сүйемелдеу бағдарламаларын жүзеге асырады. Сонымен қатар, заманауи оқыту әдістемелерін және цифрлық білім беру шешімдерін енгізіп, азаматтардың жеке мәселелері бойынша қабылдау, ашық есік күндерін өткізу және педагогтер мен мүдделі азаматтарды кеңес беру арқылы ашықтық пен қолжетімділікті қамтамасыз етеді.








