+7 (7172) 55 95 55

M

Бөлім

Құрылым және басқару

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы — Алматы қаласы бойынша Кәсіби даму институтының директоры  

Жалпы ақпарат, білімі  
Ғалымжанова Маржан Әнесқызы 1968 жылы Атырау облысы, Атырау қаласында дүниеге келген. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін (Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) «Қолданбалы математика» мамандығы бойынша тәмамдаған, біліктілігі — математик. Педагогика ғылымдарының кандидаты. Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі, Академиялық профессор.  

Мансап  
1990–1991 жылдары  Атырау облыстық статистика басқармасында инженер-бағдарламашы.  
1991–2002 жылдары информатика пәнінің мұғалімі (Атырау қ., техникалық лицей, Ы. Алтынсарин атындағы орта мектеп).  
2002–2004 жылдары Атырау облыстық кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтының әдіскері.  
2004–2006 жылдары Атырау облыстық кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтының кабинет меңгерушісі.  
2006–2011 жылдары Атырау облыстық кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты директорының орынбасары.  
2011–2012 жылдары Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының проректоры.  
2012–2021 жылдары «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының директоры.  
2021–2022 жылдары Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде кафедра меңгерушісі.  
2022 жылы  Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының ғалым хатшысы.  
2022–2024 жылдары Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының  институт директоры.  
2024–2025 жылдары Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының орталық директоры. 
2025-2026 жылдар  «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша Кәсіби даму институтының директоры.  
2026 жылдың 15 шілдесінен бастап Алматы қаласы бойынша Кәсіби даму институтының директоры.  

Республикалық ғылыми-әдістемелік журналдардың редакциялық алқа мүшесі.  

Мемлекеттік марапат 
«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерейтойлық медалі (2016).