+7 (7172) 55 95 55

M

Бөлім

Құрылым және басқару

Искакова Маржан Оразгалиевна
Білім беру процесін басқару департаментінің директоры

Жалпы ақпарат, білімі
Искакова Маржан Оразғалиқызы 1976 жылы бұрынғы Семей облысының Семипалатинск қаласында (қазіргі Абай облысы, Семей қаласы) дүниеге келген. М.О. Әуезов атындағы Семей педагогикалық колледжін (бастауыш сынып мұғалімі), Семей мемлекеттік педагогикалық институтын (математика пәнінің мұғалімі), Семей мемлекеттік педагогикалық институтының «Педагогика және БМӘ» мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі бағдарламасын, сондай-ақ Мәскеу мемлекеттік педагогикалық университетінің 13.00.08 – Кәсіптік білім беру теориясы мен әдістемесі мамандығы бойынша аспирантурасын (Мәскеу қ.) тәмамдаған. 2017 жылы педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алды. 2018 жылы PhD докторы дәрежесі берілді. 2025 жылы 50300 – «Білім беру» ғылыми бағыты бойынша қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы берілді.

Еңбек жолы
Еңбек жолын 1996 жылы Абай атындағы жалпы орта білім беретін мектепте (Шар қ.) бастауыш сынып мұғалімі болып бастаған.
2010–2017 жылдары – Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімінің жетекші маманы.
2017–2018 жылдары – қосымша білім беру факультеті деканының орынбасары.
2019–2021 жылдары – Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің гуманитарлық факультетінің деканы.
2021–2025 жылдары – “Alikhan Bokeikhan University” білім беру мекемесінің гуманитарлық факультетінің деканы.
2025–2026 жылдары – «Өрлеу» БАҰО» АҚ Балаларды дамыту және тәрбиелеу зертханасының жетекшісі.
2026 жылдан қазіргі уақытқа дейін – «Өрлеу» БАҰО» АҚ Білім беру процесін басқару департаментінің директоры.