Бөлім
Құрылым және басқару
Қалмақов Ерлан Болатұлы
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы – Астана қаласы Кәсіби даму институтының директоры
Жалпы ақпарат, білімі
Қалмақов Ерлан Болатұлы 1987 жылы Қостанай облысында дүниеге келген.
Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының Тарих факультетін, А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің Заңтану факультетін, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын «Мемлекеттік басқару» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Мансап
2006-2008 жылдары – «Қостанай таңы» газеті редакциясы» МКҚМ тілшісі, Қостанай қаласы.
2008 жылы – «Қостанай облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» ММ Жастармен және жастар бірлестіктерімен жұмыс жөніндегі бөлімінің жетекші маманының міндетін атқарушы, Қостанай қаласы.
2008-2009 жылдары – «Қостанай облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» ММ Жастармен және жастар бірлестіктерімен жұмыс жөніндегі бөлімінің жетекші маманы, Қостанай қаласы.
2009 жылы – «Қостанай облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» ММ Талдау және мониторинг бөлімінің жетекші маманы, Қостанай қаласы.
2009-2010 жылдары – «Қостанай облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» ММ Ақпараттық саясат және бұқаралық ақпарат құралдарын мониторингілеу бөлімінің бас маманы, Қостанай қаласы.
2010-2012 жылдары – «Қостанай облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» ММ Жастармен жұмыс және саяси партиялармен өзара іс-қимыл бөлімінің бастығы, Қостанай қаласы.
2012 жылы – «Қостанай облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы» ММ Жастармен және жастар ұйымдарымен жұмыс бөлімінің бастығы, Қостанай қаласы.
2012-2016 жылдары – «Қостанай облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» ММ басшысының орынбасары, Қостанай қаласы.
2016-2023 жылдары – «Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы» ММ басшысы, Қостанай қаласы.
2023-2024 жылдары – «Қостанай облысы әкімдігінің дін істері жөніндегі басқармасы» ММ басшысы, Қостанай қаласы.
2024-2026 жылдары – Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаментінің директоры, Астана қаласы.
2026 жылғы 25 тамыздан бастап – «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы – Астана қаласы Кәсіби даму институтының директоры.
Мемлекеттік марапат
«Ерен еңбегі үшін» медалі – 29.11.2019 ж.
