Раздел
Структура и управление
Нұрлыбаева Жанат Лесбекқызы
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Қызылорда облысы бойынша Кәсіби даму институты филиалының директоры
Жалпы ақпарат, білімі
Жанат Лесбекқызы Нұрлыбаева 1973 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Келес ауданында дүниеге келген. Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтын, Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетін тәмамдаған. Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі.
Мансап
1996 – 2004 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы, Т. Бердияров атындағы жалпы орта мектебінің мұғалімі.
2004-2007 жылдары ОҚО Гуманитарлық-экономикалық колледжінің оқытушысы.
2007-2008 жылдары Оңтүстік Қазақстан Сайрам ауданы, №53 М. Әуезов атындағы жалпы орта мектебінің мұғалімі.
2008 жылдан «Педагогтердің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтының» әдіскері.
2012 жылдан «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ОҚО бойынша ПҚБАИ аға оқытушысы, тренері.
2023 – 2025 жылдары «Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша кәсіби даму институты» филиалының Түркістан облысы бойынша өкілдік басшысы.
2026 жылдың 22 маусымынан «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «Қызылорда облысы бойынша кәсіби даму институты» филиал директоры.
Мемлекеттік марапаттары
Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 2 желтоқсандағы Жарлығымен берілген «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалі.
