+7 (7172) 55 95 55

M

Бөлім

Құрылым және басқару

Шора Нұрым Тілегенұлы
Талдау және зерттеу департаментінің директоры

Жалпы ақпарат, білімі

Шора Нұрым Тілегенұлы 1992 жылғы 15 қазанда Атырау қаласында дүниеге келген. Түркиядағы Özyeğin University «Ақпараттық жүйелер менеджменті» мамандығы бойынша тәмамдап, гуманитарлық ғылымдар бакалавры дәрежесін алған. 2019 жылы «Болашақ» бағдарламасы аясында Ұлыбританиядағы Warwick University магистратурасын «Бизнес аналитика» мамандығы бойынша аяқтап, жаратылыстану ғылымдарының магистрі дәрежесіне ие болды. Қазақ, орыс, ағылшын және түрік тілдерін меңгерген.

Еңбек жолы

2016–2017 жылдары – «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық өлшеулер орталығының бағалау рәсімдерін үйлестіру бөлімінің аға менеджері.
2017–2020 жылдары – «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық өлшеулер орталығының оқушыларды конкурстық іріктеу бөлімінің жоба менеджері.
2020–2024 жылдары – «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық өлшеулер орталығының талдау және зерттеу бөлімінің сарапшысы.
2024–2025 жылдары – «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық өлшеулер орталығының талдау және зерттеу бөлімі басшысының міндетін атқарушы.
2025 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін – «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Талдау және зерттеу департаментінің директоры.