+7 (7172) 55 87 82

M

Бөлім

Құрылым және басқару

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Маңғыстау облысы бойынша Кәсіби даму институты филиалының директоры

Жалпы ақпарат, білімі
Тілеуов Қайрат Кыпшақбайұлы 1979 жылы Өзбекстан Республикасының құрамындағы Қарақалпақстан автономиялық республикасы, Нүкүс қаласында дүниеге келген. Нүкүс мемлекеттік педагогикалық институтын тәмамдаған. Біліктілігі: биология пәнінің мұғалімі.  С. Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінде оқып, информатика бакалавры біліктілігін иеленген.  Шымкент университетін «Педагогика-психология» мамандығы бойынша аяқтаған. Педагогика магистрі.

Алматы Менеджмент Университетінде (AlmaU) «Білім берудегі инновациялық басқару» PRE MBA бағдарламасын аяқтаған.

Мансап
2001–2003 жылдары Өзбекстан Республикасының құрамындағы Қарақалпақстан автономиялық республикасы, Нүкүс қаласы Абай Құнанбаев атындағы орта мектептің биология пәні мұғалімі.
2004–2005 жылдары Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы №15 орта мектебінің биология пәні мұғалімі.
2005–2007 жылдары Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы №7 орта мектебі директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.
01.09.2007 ж.–16.10.2007 ж. аралығында Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы №17 орта мектебінің оқу ісі жөніндегі меңгерушісі.
2007–2009 жылдары Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы Қашаған Құржыманұлы атындағы №8 орта мектебінің директоры.
2009 –2011 жылдары Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласындағы Теңге ауылы №17 орта мектебінің директоры.
2011–2012 жылдары Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласындағы №21 орта мектептің директоры.
2012–2025 жылдары «Назарбаев Зияткерлік мектептері» автономды білім беру ұйымының «Педагогикалық шеберлік орталығы» ЖМ аға менеджері, тренері, Ақтау қаласы.
2025 жылғы 5 қыркүйектен бастап қазіргі уақытқа дейін — «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Маңғыстау облысы бойынша Кәсіби даму институты филиалының директоры.