Бөлім
Құрылым және басқару
Вильданова Сауле Аифовна
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының Оқу-әдістемелік жұмыс департаментінің директоры
Жалпы ақпарат және білімі
Вильданова Сауле Аифовна 1965 жылы 11 тамызда Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Өскемен педагогикалық институтын «Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2014 жылы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің «Филология: орыс филологиясы» мамандығы бойынша магистратурасын аяқтап, гуманитарлық ғылымдар магистрі дәрежесі берілді.
Еңбек жолы
1986–1990 жылдары – Лениногорск (Риддер) қаласындағы №16 орта мектептің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.
1991–1994 жылдары – Өскемен қаласындағы №85 балабақшаның тәрбиешісі.
1995–2010 жылдары –Өскемен қаласындағы №26 орта мектептің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.
2010–2013 жылдары – Өскемен қаласындағы «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ филиалының орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, әдістемелік бірлестік жетекшісі.
2013–2014 жылдары – «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ «Педагогикалық өлшеулер орталығы» филиалының аға менеджері (бағалау жөніндегі сарапшы).
2014–2018 жылдары – «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ «Педагогикалық өлшеулер орталығы» филиалының педагогтерді бағалау және аттестаттау бөлімінің басшысы.
2018–2024 жылдары – «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ «Педагогикалық өлшеулер орталығы» филиалы директорының орынбасары.
2024–2025 жылдары – «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Педагогтерді курстан кейінгі қолдау басқармасының басшысы.
2025 жылдың тамыз айынан бастап қазіргі уақытқа дейін – «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Оқу-әдістемелік жұмыс департаментінің директоры.
