+7 (7172) 55 95 55

M

Раздел

Структура и управление

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Атырау облысы бойынша Кәсіби даму институты филиалының директоры

Жалпы ақпарат, білімі 
Жалмуханова Балауса Хоныспаевна 1978 жылы Атырау облысы Атырау қаласында дүниеге келген. Қ. Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжін «Жалпы білім беретін мектептің бастауыш сыныптарын оқыту» мамандығы бойынша, Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетін «Бастауыш оқытудың педагогикасы және әдістемесі» мамандығы бойынша, Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша тәмамдаған. Педагогика ғылымдарының магистрі.   

Мансап 
1997-2002 жылдары Атырау қалалық білім бөліміне қарасты №15 Абай атындағы жалпы білім беру орта мектебінде бастауыш сынып мұғалімі. 
2002 жылы Атырау қалалық білім бөліміне қарасты Ә. Жангелдин атындағы жалпы білім беру орта мектебінде бастауыш сынып мұғалімі. 
2002-2007 жылдары Атырау қалалық білім бөліміне қарасты №29 жалпы білім беру орта мектебінде бастауыш сынып мұғалімі.  
2007-2009 жылдары Атырау қалалық білім бөліміне қарасты М. Ломоносов атындағы жалпы білім беру орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі. 
2009-2016 жылдары Атырау қалалық білім бөлімінің №6 М. Мөңкеұлы атындағы жалпы білім беру орта мектебінде бастауыш сынып мұғалімі. 
2016-2021 жылдары «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Атырау облысы Атырау қаласы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының «Тұлғаны тәрбиелеу және әлеуметтендіру» бөлімінде аға оқытушы.  
2021-2025 жылдары Атырау облысы Білім басқармасының Әдістемелік орталығында әдіскер.  
2025-2026 жылдары «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша Кәсіби даму институты директорының орынбасары.  
2026 жылдың 15 шілдесінен бастап  Атырау облысы бойынша Кәсіби даму институтының директоры.