Бөлім
Құрылым және басқару
Жетписбаева Мейрамгул Асылбековна
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Қарағанды облысы бойынша кәсіби даму институты филиалының директоры
Жалпы ақпарат, білім
Жетпісбаева Мейрамгүл Асылбекқызы 1966 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. Қарағанды мемлекеттік университетінің филология факультетін «Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша тәмамдаған. Филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор (доцент). Ғылыми-педагогикалық қызметте көп жылдық тәжірибесі бар.
Мансап
1989 жыл Қарағанды облысы Қарқаралы қаласындағы №2 орта мектептің мұғалімі.
1989–2008 жылдар Қарағанды мемлекеттік университеті филология факультетінің қазақ әдебиеті кафедрасында оқытушы, аға оқытушы, доцент.
2008–2012 жылдар Қарағанды облысы Қаражал қаласындағы №3 жалпы орта білім беретін мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.
2012–2013 жылдар Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің шетел және орыс тілдері кафедрасының доценті.
2013 жылдан бастап – «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Қарағанды облысы бойынша Кәсіби даму институты филиалында қызмет атқарады.
2022 жылғы желтоқсаннан бастап – «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Қарағанды облысы бойынша Кәсіби даму институты филиалының директоры.
