+7 (7172) 55 95 55

M

Бөлім

Құрылым және басқару

Жумадилов Жасулан Жомартович
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамы Бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу департаментінің директоры

Жалпы мәліметтер, білімі
Жұмаділов Жасұлан Жомартұлы 1992 жылы Павлодар облысында дүниеге келген.
Ақпараттық технологиялар саласында жоғары білімі бар. Люблин қаласындағы WSPA University, Польша Республикасы, «Computer Science with major in Design and Usage of Computer Systems» мамандығы бойынша, сондай-ақ Павлодар қаласындағы Инновациялық Еуразия университетін «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Алматы қаласында «WEB-қосымшалардың ақпараттық қауіпсіздігі», АҚШ, Анахайм қаласында «.NET платформасында әзірлеу», сондай-ақ Ресей Федерациясы, Мәскеу қаласында «Жоғары жүктемелі жүйелерді жобалау» бағыттары бойынша оқудан өткен.
2026 жылы жобаларды басқарудың икемді әдістемелері — Agile, Scrum және SAFe бағыттары бойынша сертификатталған.

Еңбек жолы
2013–2014 жж. — «Geeker Pro» ЖШС, web-дизайнер;
2015–2016 жж. — «Горэлектросеть» ЖШС, инженер-бағдарламашы;
2016–2024 жж. — NIS Ақпараттық технологиялар және сервис орталығы, бас әзірлеуші;
2024–2025 жж. — Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының «Қарлығаш» балабақшасы» РМК, цифрландыру және қоғаммен байланыс басқармасының басшысы;
2025 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін — «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамы Бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу департаментінің директоры.