Бөлім
Құрылым және басқару
Жұмықбаева Ақмарал Қажығұмарқызы
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Сапаны бағалау департаментінің директоры.
Жалпы ақпарат, білімі
Жұмықбаева Ақмарал Қажығұмарқызы 1985 жылы Абай облысында дүниеге келген. Семей мемлекеттік педагогикалық институтында «Математика» мамандығы бойынша бакалавриат және магистратура бағдарламаларын аяқтаған. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің PhD докторантурасын тәмамдаған. Педагогтердің біліктілігін арттыру жүйесіндегі бағалау мәселелері бойынша PhD диссертациясын қорғаған. Кембридж бағалау кеңесінің сертификатталған сарапшысы. Республикалық жобалар аясында педагогтерді бағалау жүйелерін әзірлеу бағытында тәжірибелі маман. Отандық және халықаралық ғылыми басылымдарда, оның ішінде Scopus базасында индекстелетін журналдарда ғылыми мақалалары жарияланған.
Еңбек жолы
2008–2014 жылдары – Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектептің математика пәні мұғалімі.
2015–2024 жылдары – «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық өлшеулер орталығы Педагогтерді бағалау және аттестаттау бөлімінің бағалау жөніндегі сарапшысы, бөлім басшысы.
2024 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін – «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Сапаны бағалау департаментінің директоры.
