+7 (7172) 55 95 55

M

Ағылшын тілін оқытуда инклюзивті тәжірибелерді енгізу

Мақсатты аудитория: Ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері

25,000.00 
🗣️
Оқыту тілі | Язык обучения
Қазақша
📅
Әзірленген жылы | Год разработки
2025 ж.
💡
Оқыту форматы | Формат обучения
Күндізгі / Онлайн
⏱️
Сағат саны | Количество часов
80
🆔
Курстың коды | Код курса
PMU0T
Қолданылу мерзімі | Срок действия
2028 ж. шілде
Бекітілді | Утверждено
№264, 20.08.2025 ж.

«Ағылшын тілін оқытуда инклюзивті тәжірибелерді енгізу» білім беру бағдарламасы ағылшын тілі мұғалімдерінің ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылармен тиімді жұмыс істеуге арналған кәсіби құзыреттерін дамытуға бағытталған. Бағдарлама инклюзивті білім берудің заманауи қағидаттарын, оқу материалдарын бейімдеу тәсілдерін, Universal Design for Learning (UDL) құралдарын, сараланған оқыту әдістерін және оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың тиімді стратегияларын қамтиды. Курс барысында педагогтер инклюзивті ортада ағылшын тілін оқытудың халықаралық тәжірибесімен танысып, цифрлық ресурстарды пайдалану, қолайлы психологиялық ахуал қалыптастыру және әрбір оқушының әлеуетін ашуға бағытталған сабақтарды жобалау дағдыларын меңгереді. Практикалық кейстер мен микрооқыту тапсырмалары мұғалімдерге инклюзивті тәсілдерді күнделікті педагогикалық тәжірибеде нәтижелі қолдануға мүмкіндік береді.

Курс санаты | Категория курса