Мақсатты аудитория: мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының басшылары
Бағдарлама мектепке дейінгі ұйым басшыларының заманауи білім беру менеджменті, білім беру сапасын ішкі бағалау жүйесін ұйымдастыру, стратегиялық жоспарлау және тиімді басқарушылық шешімдер қабылдау саласындағы кәсіби құзыреттерін дамытуға бағытталған. Бағдарламада деректерге негізделген басқару (data-driven management), білім беру ортасының сапасын жетілдіру және мектепке дейінгі білім беру ұйымының тиімділігін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылады.
Курс барысында тыңдаушылар білім беру сапасының ішкі мониторингін ұйымдастырудың заманауи тәсілдерін меңгереді, тәрбиелеу-білім беру процесінің нәтижелерін талдауды, мектепке дейінгі ұйымның даму бағдарламасы мен басқарушылық шешімдерін әзірлеуді, сондай-ақ деректерді талдау, жоспарлау және басқару тиімділігін арттыру мақсатында цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект құралдарын тиімді пайдалануды үйренеді.