Мақсатты аудитория: Білім беру ұйымдарының педагогтері
Бағдарлама МЖМБС талаптарынан бастап нақтылы сабақ деңгейіне дейінгі оқыту тәжірибесіне ерекше назар аударады. Мұнда құзыреттерді декомпозициялау және каскадтау, негізгі құндылықтарға бағдарлану, оқу мазмұнының спиральды құрылымы, мақсаттар, мазмұн, оқыту әдістері мен бағалауды конструктивті сәйкестендіру сияқты әдіснамалық тәсілдер жүйелі түрде біріктірілген. «Математика» пәнінің ерекшелігін ескере отырып, функционалдық сауаттылықты, математикалық модельдеу дағдыларын, аналитикалық және кеңістіктік ойлауды дамыту басымдыққа ие.