Мақсатты аудитория: орта білім беру ұйымдарының бастауыш сынып мұғалімдері
Бағдарлама бастауыш сынып мұғалімдерінің психикалық дамуы тежелген балалармен жұмыс істеуде тиімді әдістемелер мен технологияларды меңгеру және қолдану бойынша кәсіби құзыреттерін арттыруға бағытталған. Балаларды оқыту мен қолдаудың сапасын арттыруға, олардың табысты әлеуметтенуі мен білім беру процесіне тиімді кірігуіне ықпал ететін практикалық өзара әрекеттесу стратегияларын меңгеруге негізделген.