+7 (7172) 55 95 55

M

Раздел

 

Структура и управление

Узакова Гаухар Муратбековна
Экономика және қаржы департаментінің директоры

Жалпы ақпарат, білімі

Ұзақова Гауһар Мұратбекқызы 1977 жылғы 5 қаңтарда дүниеге келген.
1998 жылы Алматы энергетика және байланыс институтын «Экономика және менеджмент» мамандығы бойынша тәмамдап, инженер-экономист біліктілігін алған.

Еңбек жолы

Еңбек жолын 1998 жылы Ақтөбе облыстық қаржы басқармасының халықты әлеуметтік қорғауды қаржыландыру бөлімінде аға маман болып бастады.
Әр жылдары Ақтөбе облысының қаржы органдарында қызмет атқарып, халықты әлеуметтік қорғауды, мемлекеттік аппарат пен құқық қорғау органдарын, денсаулық сақтау және әлеуметтік саланы қаржыландыру мәселелері бойынша аға маман, жетекші экономист және бас маман лауазымдарын атқарды.
2003–2006 жылдары коммерциялық ұйымдарда есеп айырысу және төлемдер жөніндегі маман, бухгалтер-экономист және бас бухгалтер қызметтерін атқарды.
2006–2007 жылдары Астана қаласындағы «Энергосистема» ЖШС-де жетекші инженер-экономист болып жұмыс істеді. Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институтында аға ғылыми қызметкер болды.
2007 жылы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде бас маман қызметін атқарды.
2007–2016 жылдары «КазАналитик» компаниялар тобында инвестициялық бағдарламаларды іске асыру бөлімінің басшысы және экономикалық мәселелер жөніндегі атқарушы директордың орынбасары лауазымдарында еңбек етті.
2016–2019 жылдары «Астана – Аймақтық электржелілік компаниясы» АҚ-да инвестициялық бағдарламаларды іске асыру бөлімін басқарды.
2019–2020 жылдары «Нұра топтық су құбыры» РМК тариф қалыптастыру департаментінің директоры және «Қазақстан тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамыту орталығы» АҚ-да менеджер қызметтерін атқарды.
2022–2023 жылдары «Астана-Энергия» АҚ-да жетекші экономист болып жұмыс істеді.
2023 жылғы қарашадан бастап «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ-да еңбек етеді. Осы кезеңде Қаржы және мемлекеттік сатып алу департаментінің бас экономисі, Экономикалық жоспарлау және талдау департаментінің бас экономисі, Экономика және қаржы департаменті директорының орынбасары – бас экономист, сондай-ақ Экономика және қаржы департаментінің бас маманы қызметтерін атқарды.
2026 жылғы 2 маусымнан бастап «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Экономика және қаржы департаментінің директоры лауазымына тағайындалды.

preloader