Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы мен ҚР Ұлттық Банкі бірлесіп ауқымды жобаны жүзеге асырды. Оның аясында еліміздің барлық өңірінен 6 мың педагог заманауи оқу бағдарламасы бойынша біліктілігін арттырды.
Ұстаздар бюджет жоспарлау, инвестиция, цифрлық активтер, несие және зейнетақы жүйесімен қатар, интернет-алаяқтықтан қорғану дағдыларын меңгерді. Педагогтер алған білімін оқу процесіне енгізіп, оқушылардың қаржылық сауаттылығын арттыруға ықпал етті.
Жоба аясында балаларға арналған анимациялық сериал мен интерактивті симуляторлар мен ойын-тренажері әзірленіп, қаржылық білім қолжетімді әрі түсінікті форматта ұсынылды.
Қаржылық сауаттылықты арттыру жобасы әлі де жалғасуда. Биыл тағы 4 мыңға жуық педагог біліктілігін артттырады.

