«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы – Атырау облысы бойынша Кәсіби даму институтының директоры Жалмуханова Балауса Хоныспаевна ұжым мүшелерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізді.
Кездесу барысында институттың ағымдағы қызметі сараланып, жаңа оқу жылына белгіленген басымдықтар мен Орталық аппарат тарапынан жүктелген міндеттер қарастырылды.
Талқылаудың негізгі өзегі педагогтердің біліктілігін арттыру курстарын сапалы ұйымдастыру мәселесіне арналды. Атап айтқанда, мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберіндегі бағдарламаларды, сондай-ақ ақылы курстар мен семинарларды өткізу тәртібі пысықталды.
Бұдан бөлек, алдағы кезеңге жоспарланған республикалық ғылыми-тәжірибелік онлайн конференцияларға, байқауға дайындық барысы сараланып мазмұндық бағыттарын айқындау және қатысушыларды тарту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Жоспарланған міндеттердің жүйелі орындалуы институт ұжымының өзара үйлесімді іс-қимылы мен ортақ жауапкершілігіне негізделеді.

