+7 (7172) 55 87 82

M

18.09.2026

ПЕДАГОГТЕРДІ АТТЕСТАТТАУДЫҢ ПИЛОТТЫҚ ЖОБАСЫ: АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Педагогтерді аттестаттаудың пилоттық жобасы аясындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары барысында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы – Атырау облысы бойынша Кәсіби даму институтында облыс педагогтеріне арналған онлайн вебинар өткізілді.

Вебинар барысында педагогтерге пилоттық жобаға кімдер қатыса алатыны, қатысу шарттары мен кезеңдері, сондай-ақ «Ұстаз» платформасында жұмыс істеу тәртібі туралы толық ақпарат берілді.

Сонымен қатар педагогтердің білімін бағалау бойынша тестілеуден өтуге жұмсалған ақшалай қаражатты қайтаруға қатысты педагогтер тарапынан сұрақтар келіп түсіп жатқаны атап өтілді.

Осыған байланысты ПББ үшін жұмсалған ақшалай қаражатты қайтару мәселесі бойынша Ұлттық тестілеу орталығына өз бетінше жүгіну қажеттігі түсіндірілді.

Вебинар спикерлері:
🔹 Жалмуханова Балауса Хоныспаевна – «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы – Атырау облысы бойынша Кәсіби даму институтының директоры;

🔹 Тулесинова Сымбат Багитовна – «Ұстаз» платформасының Атырау қаласы және облысы бойынша кураторы.