Конкурс нысанасы: «Гаухартас» тұрғын үй кешенінің үш қабатты ғимаратының үшінші қабатында орналасқан, бастапқы әрлеу (черновая отделка) күйіндегі тұрғын емес жай. Мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Бостандық ауданы, Абай даңғылы, 150/230, 935-ТЖ (н.п.).
Жалпы алаңы: 307,0 (үш жүз жеті) шаршы метр.
Жалдау ақысының мөлшері: 3 500 (үш мың бес жүз) теңге (ҚҚС-сыз) 1 шаршы метр үшін, жалдау ақысын төлеу мерзімділігі – ай сайын.
Жайды нысаналы пайдалану: жөндеу-әрлеу жұмыстары аяқталғаннан кейін тұрғын емес жайды Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру мақсатында пайдалану.
Конкурсқа қатысушылар: Қазақстан Республикасының заңнамасына, сондай-ақ Қоғамның ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес келетін заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер қатысуға жіберіледі.
Конкурс жеңімпазын анықтау критерийлері:
- ұсынылатын жалдау ақысының мөлшері;
- жайды пайдалану шарттары мен тиімділігі;
- өтінім берушінің біліктілік талаптарына сәйкестігі;
- конкурстық құжаттамада көзделген өзге де критерийлер.
Өтінімдерді беру тәртібі мен мерзімдері: конкурсқа қатысуға өтінімдер 2026 жылғы «23» ақпаннан бастап 2026 жылғы «27» ақпанға дейін (қоса алғанда) мына мекенжай бойынша қабылданады: Астана қ., Достық көш., 18, 22-қабат, «Москва» БО.
Конкурстың өткізілетін күні, уақыты мен орны: 2026 жылғы «2» наурыз күні, сағат 10.00-де, мекенжайы: Астана қ., Достық көш., 18, 22-қабат, «Москва» БО.
Конкурсқа қатысу үшін әлеуетті жалға алушы белгіленген мерзімде басшы немесе уәкілетті өкіл қол қойған және мөрмен (бар болса) бекітілген жазбаша нысандағы өтінімді ұсынады. Құжаттар желімделген конвертте тапсырылады.
Өтінімде мыналар көрсетіледі:
- әлеуетті жалға алушының толық атауы (А.Ж.Т.) және деректемелері;
- байланыс деректері (мекенжайы, телефон нөмірі, e-mail);
- жалдау объектісін пайдалану мақсаты;
- жалдаудың қажетті мерзімі;
- ұсынылатын жалдау ақысының сомасы (белгіленген мөлшерден төмен емес);
- конкурс шарттарымен және Шарт жобасымен танысқанын растау;
- жалға алушыларға қойылатын талаптарды сақтауға дайындығы туралы мәліметтер.
Өтінімге келесі құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері немесе egov.kz порталынан алынған анықтамалар қоса беріледі:
- құрылтай құжаттарының көшірмелері (заңды тұлғалар үшін);
- жеке куәліктің/ЖК куәлігінің көшірмесі;
- салықтар мен басқа да міндетті төлемдер бойынша берешегінің жоқтығы туралы анықтама (өтінім берілген күнге дейінгі бір айдан ерте емес мерзімде берілген).
Белгіленген мерзімнен кеш түскен өтінімдер қаралмайды.
Комиссия келесі жағдайларда өтінімді қабылдамауға құқылы:
- жалған ақпарат берілсе;
- конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келмесе;
- жалға алушының бұрынғы шарттар бойынша берешегі немесе бұзушылықтары болса;
- қатысушы конкурстың ең төменгі бағасынан төмен құн ұсынса.
Әлеуетті жалға алушының құқығы бар:
- конкурстық құжаттаманы және түсіндірмелерді алуға;
- объектіні алдын ала қарап шығуға;
- конкурс басталуына кемінде бір тәулік қалғанда өтінімді қайтарып алуға.
Қосымша шарттар: конкурс жеңімпазы жалға алынатын тұрғын емес жайды нысаналы мақсаты бойынша одан әрі пайдалану үшін қажетті инженерлік жүйелерді орнату және пайдалануға беру жөніндегі жұмыстарды қоса алғанда, ҚР қолданыстағы заңнамасының талаптары мен жалдау шартының талаптарына сәйкес өз есебінен күрделі жөндеу жүргізуге міндетті.
Жөндеу жұмыстарын жүргізу кезеңінде Жалға алушыға жалдау ақысын төлеу бойынша «жалдау каникулдары» беріледі. Бұл ретте коммуналдық қызметтерді, пайдалану шығындарын және өзге де міндетті төлемдерді төлеу бойынша міндеттемелер Жалға алушыда сақталады.
Байланыс тұлғасы: А. Сағындықов
Телефон: 8 776 652 9551
E-mail: sagyndykov_a@orleu.edu.kz

