+7 (7172) 57 46 00

M

06.03.2026

Хабарландыру мүліктік жалдауға (жалға) беру бойынша конкурс өткізу туралы

Конкурс нысаны: Қазақстан Республикасы, Атырау облысы, Атырау қаласы, Владимирская көшесі, 24-үй мекенжайында орналасқан үш қабатты ғимарат.

Жалпы алаңы: 1 436,5 (бір мың төрт жүз отыз алты бүтін оннан бес) шаршы метр.

Жалдау ақысының мөлшері: 1 шаршы метр үшін 4 000 (төрт мың) теңге (ҚҚС-ты есепке алғанда), жалдау ақысын төлеу мерзімділігі – ай сайын.

Нысанның қысқаша техникалық сипаттамасы: 1971 жылы салынған, жертөлесі мен цокольдік қабаты жоқ, алаңы 0,1193 га жер учаскесі бар кірпіштен тұрғызылған үш қабатты ғимарат. Шатыры – металл жабынды, терезелер – пластик, есіктер – ағаш және металл. Ғимарат қаланың барлық қажетті орталықтандырылған инженерлік желілеріне, соның ішінде жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау және кәріз жүйелеріне қосылған. Инженерлік жабдықталуы автоматты өрт дабылы мен күзет дабылы жүйесін қамтиды.

Үй-жайды нысаналы пайдалану: ғимаратты Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған кәсіпкерлік немесе өзге де қызметті жүзеге асыру мақсатында пайдалану.

Конкурсқа қатысушылар: конкурсқа Қазақстан Республикасының заңнамасына, сондай-ақ Қоғамның ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес келетін заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер қатыса алады.

Конкурс жеңімпазын анықтау критерийлері:

  • ұсынылатын жалдау ақысының мөлшері;
  • үй-жайды пайдалану шарттары мен тиімділігі;
  • өтініш берушінің біліктілік талаптарына сәйкестігі;
  • конкурстық құжаттамада көзделген өзге де критерийлер.

Өтінімдерді беру тәртібі мен мерзімдері:

Конкурсқа қатысуға өтінімдер 2026 жылғы «10» наурыздан бастап 2026 жылғы «16» наурызға дейін (қоса алғанда) мына мекенжай бойынша қабылданады: Астана қ., Достық к-сі 18, 22-қабат, «Москва» БО.

Конкурсты өткізу күні, уақыты мен орны:

2026 жылғы «17» наурыз сағат 10.00-де, мекенжайы: Астана қ., Достық к-сі 18, 22-қабат, «Москва» БО.

Конкурсқа қатысу үшін әлеуетті жалға алушы белгіленген мерзімде басшы немесе уәкілетті өкіл қол қойған және мөрмен (болған жағдайда) бекітілген жазбаша нысандағы өтінімді береді. Құжаттар желімделген конвертте ұсынылады.

Өтінімде мыналар көрсетіледі:

  1. әлеуетті жалға алушының толық атауы (А.Ж.Т.) және деректемелері;
  2. мекенжайын, телефон нөмірін, e-mail қоса алғандағы байланыс деректері;
  3. жалдау нысанын пайдалану мақсаты;
  4. қажетті жалдау мерзімі;
  5. ұсынылатын жалдау ақысының сомасы (белгіленгеннен төмен емес);
  6. конкурс шарттарымен және Шарт жобасымен танысқанын растау;
  7. жалға алушыларға қойылатын талаптарды сақтауға дайындығы туралы мәліметтер.

Өтінімге мынадай құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері немесе egov.kz порталынан алынған анықтамалар қоса беріледі:

  1. құрылтай құжаттарының көшірмелері (заңды тұлғалар үшін);
  2. жеке куәліктің/ЖК куәлігінің көшірмесі;
  3. салықтар және басқа да міндетті төлемдер бойынша берешегінің жоқтығы туралы анықтама (өтінім берілген күннің алдындағы бір айдан ерте емес мерзімде берілген).

Белгіленген мерзімнен кеш түскен өтінімдер қаралмайды.

Комиссия мына жағдайларда өтінімді қабылдамауға құқылы:

  1. дұрыс емес ақпарат берілгенде;
  2. конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келмегенде;
  3. жалға алушының бұрынғы шарттар бойынша берешегі немесе бұзушылықтары болғанда;
  4. егер қатысушы конкурстың ең төменгі бағасынан төмен құн ұсынса.

Әлеуетті жалға алушының құқығы бар:

  1. конкурстық құжаттаманы және түсіндірмелерді алуға;
  2. нысанды алдын ала қарап шығуға;
  3. конкурс басталғанға дейін бір тәуліктен кешіктірмей өтінімді қайтарып алуға.

Қосымша шарттар:

ғимаратты нысаналы мақсаты бойынша одан әрі пайдалану үшін қажетті жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу қажет болған жағдайда, конкурс жеңімпазы оларды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына және жалдау шартының талаптарына сәйкес өз қаражаты есебінен орындайды.

Ғимарат үй-жайларын жөндеу немесе дайындау кезеңіне «жалдау каникулдары» болуы мүмкін және жалдау шартын жасасу кезінде жеке тәртіппен талқыланады.

Байланыс тұлғасы: А. Сағындықов

Телефон: 8 776 652 9551

E-mail: sagyndykov_a@orleu.edu.kz