+7 (7172) 55 95 55

M

11.06.2026

Жаңа бағдарламалар, сапаны бағалау және даму бағыттары талқыланды

аппаратка

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының Басқарма төрағасы Ғалымжан Алматовтың төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте 2027 жылға арналған білім беру бағдарламаларын әзірлеу, ақылы қызметтерден түсетін кірістер жоспарының орындалуы және оқыту сапасын бағалау мәселелері қаралды.

Кеңес барысында Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы зертхананың басшысы Гүлфарида Мырзақұлова 2027 жылға жоспарланған білім беру бағдарламаларын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының қызметі туралы баяндады. Бүгінде пәндік, пәнаралық бағыттағы және білім беру менеджментіне арналған 20 білім беру бағдарламасы бекітілген. Экономика және қаржы департаментінің басшысы Гаухар Узакова ақылы қызметтерден түсетін кірістер жоспарының орындалуы жөнінде ақпарат ұсынса, Сапаны бағалау департаментінің басшысы Ақмарал Жұмықбаева тренерлердің оқыту және бағалау тәжірибесін бақылаудың мақсаты, тәсілдері мен алғашқы нәтижелеріне тоқталды.

Сондай-ақ Павлодар облысы бойынша филиал директоры Бибігүл Нығметова мен Түркістан облысы бойынша филиал директоры Нұржан Нұрлыбаев филиалдардың ішкі жұмысының қорытындылары туралы баяндап, атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттерге тоқталды.

Жиын қорытындысы бойынша білім беру бағдарламаларының сапасын жетілдіру, ақылы курстар бойынша жоспарлы көрсеткіштердің орындалуын қамтамасыз ету, тренерлердің жұмысын бақылау барысында анықталған мәселелерді шешу және оқыту сапасын арттыру бағытында нақты тапсырмалар берілді.

preloader