2026 жылғы 18 маусымда «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ-на ЮНЕСКО қолдауындағы Жоғары білім берудегі инновациялар жөніндегі халықаралық орталықтың (UNESCO-ICHEI) делегациясы ресми сапармен келді. Делегацияны UNESCO-ICHEI директорының орынбасары BI Xiaohan ханым және UNESCO-ICHEI Әкімшілік істер кеңсесінің басшысы XU Mingshun мырза таныстырды.
Сапар барысында BI Xiaohan ханым мен XU Mingshun мырза «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Басқарма төрағасының стратегиялық даму жөніндегі орынбасары Аида Мейірқұловамен кездесті. Жасанды интеллектіні қолдану бойынша бірлескен оқыту және сертификаттау бағдарламасын елімізде табысты жүзеге асыру тәжірибесіне сүйене отырып, тараптар педагогтердің үздіксіз кәсіби дамуын қамтамасыз ету үшін Халықаралық онлайн білім беру институтының (IIOE) ресурстарын кеңінен пайдалану және Қазақстан тәжірибесін ескере отырып, микросертификаттау бағдарламасын одан әрі дамыту бойынша ортақ келісімге келді.
Әріптестікті дамыту аясында «Өрлеу»:
- курстар мен оқу ресурстарын қазақ және орыс тілдеріне бейімдеуді;
- ThinkSpace подкастына спикер ретінде қатысуды;
- қазақстандық жоғары оқу орындарымен бірлесіп ұлттық вебинарлар ұйымдастыруды;
- жоғары білім беру жүйесінде «ЖИ-сыныптарды» енгізуді және оларды кейіннен орта білім беру жүйесінде қолдану мүмкіндігін қарастыруды жоспарлап отыр.


