Басқарма төрағасы Ғалымжан Алматовтың төрағалығымен өткен кеңесте 2026 жылғы наурыз – шілде айлары аралығындағы мемлекеттік тапсырыс бойынша біліктілікті арттыру курстары жоспарының орындалу барысы қаралды.
Алғашқы мәселе бойынша Білім беру процесін басқару департаменті директорының орынбасары Сандуғаш Рапикова есепті кезеңде жылдық жоспардың 54,8 % орындалғанын баяндады.
Талқылау барысында өңірлік көрсеткіштер сараланып, жоспарды тиімді орындап отырған филиалдардың жұмысы атап өтілді.
Ғалымжан Алматов жоспардың орындалуы төмен филиалдардың жұмысын күшейтуді, әрбір курстың ұйымдастырылуын жеке бақылауға алуды және өңірлік білім басқармаларымен өзара іс-қимылды жандандыруды тапсырды.
Кеңесте сондай-ақ мектеп кітапханашыларының кәсіби құзыреттерін дамытуға арналған жаңа буын білім беру бағдарламалары таныстырылды. Жаратылыстану-математикалық бағыттағы зертхана басшысы Лилия Алтынбаева еліміздің барлық өңірінен мектеп кітапханашыларының қатысуымен ұйымдастырылған зерттеу нәтижелерін жариялады.
Басқарма төрағасы Ғалымжан Алматов әрбір модульдің соңында тыңдаушы қандай құзыретті меңгеріп, оны жұмыс барысында қалай қолданатыны нақты айқындалуы тиіс екендігін тапсырды. Сонымен қатар ЖИ құралдарын теориямен шектемей, кітапханашылардың күнделікті қызметіне негізделген практикалық тапсырмалар арқылы оқыту қажет.
Кеңесте қаралған тағы бір мәселе – орталық аппарат пен филиалдардың 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы мемлекеттік сатып алу жоспарының орындалуы. Әкімшілік жұмыс және мемлекеттік сатып алу департаменті директорының міндетін атқарушы Олжас Досполов есепті кезеңдегі сатып алу рәсімдерінің орындалуы, жасалған шарттар және құқықтық жұмыстардың нәтижелері туралы баяндама жасады.
Басқарма төрағасы Ғалымжан Алматов бұл бағыттағы жұмыстың тиімділігін арттыру үшін филиалдарда техникалық ерекшеліктерді әзірлеу сапасын күшейту, сатып алу жоспарларын нақтылау және ықтимал тәуекелдерді алдын ала бағалау қажеттігін айтты. Сонымен қатар өнім берушілердің шарттық міндеттемелерді орындауына тұрақты мониторинг жүргізіп, құқықтық шараларды уақытылы қабылдау маңызды екенін жеткізді.


