+7 (7172) 55 95 55

M

03.07.2026

«Өрлеу» Басқарма төрағасы Түркістан облысы бойынша Кәсіби даму институтының қызметімен танысты

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Ғалымжан Алматов Түркістан облысы бойынша Кәсіби даму институтына жұмыс сапарымен келді.

Жұмыс сапары барысында филиалдың материалдық-техникалық базасы, оқу аудиторияларының жабдықталуы, цифрлық білім беру ортасының мүмкіндіктері және оқу үдерісін ұйымдастыру жұмыстары қаралды.

Сондай-ақ педагогтердің біліктілігін арттыру бағытындағы жұмыстармен танысты.

2026 жылы филиалда 38 білім беру бағдарламасы аясында 9 664 педагогтің біліктілігін арттыру жоспарланған. Бүгінгі таңда жоспардың 46,4%-ы орындалған. Есепті кезеңде сонымен қатар филиал халықаралық, республикалық және облыстық деңгейде ғылыми-практикалық конференциялар, семинарлар мен кәсіби байқаулар өткізген.

Кездесу барысында Ғалымжан Бауыржанұлы институт ұжымымен жүздесіп, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының алдағы кезеңге арналған даму басымдықтары мен білім беру саласындағы өзекті міндеттер туралы айтты.

Өз кезегінде Түркістан облысы бойынша Кәсіби даму институтының директоры Нұржан Нұрлыбаев филиалдың қызмет нәтижелері, өңірде жүзеге асырылып жатқан жобалар, қол жеткізілген жетістіктер, өзекті мәселелер және алдағы жоспарлар туралы баяндады.

Кездесу қорытындысында Ғалымжан Алматов филиал қызметін одан әрі жетілдіру мақсатында курстан кейінгі әдістемелік сүйемелдеуді күшейту, педагогтердің практикалық нәтижелеріне тұрақты мониторинг жүргізу, ЖИ мен цифрлық технологияларды оқыту үдерісіне кеңінен енгізу, педагогтердің әдістемелік тәжірибе алмасу жұмыстарын орындау, материалдық-техникалық базаны кезең-кезеңімен жаңарту және аттестаттау үдерісін әдістемелік сүйемелдеуді күшейту бойынша нақты тапсырмалар жүктеді.