+7 (7172) 55 95 55

M

09.07.2026

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша ақылы курстар ұсынады

Қазіргі мұғалім тек пәнді жақсы білуімен шектелмейді. Ол – оқу үдерісін жобалаушы, зерттеуші, фасилитатор және өзгерістердің көшбасшысы.

Осы мақсатта «Өрлеу» БАҰО» АҚ 2026 жылдан бастап қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, тарих және құқық негіздері, музыка және көркем еңбек пәндері бойынша педагогтердің біліктілігін арттыру курстарын жаңа білім беру бағдарламалары негізінде жүзеге асыруда. Бағдарламалар «мақсат – әдіс – бағалау» логикасына негізделіп, мемлекеттік стандарт талаптарын нақты сабақ тәжірибесіне айналдыруға бағытталған.

Жаңа бағдарламалар құрылымы келесідей:

Кәсіби даму курстан кейін тоқтап қалмайды. Бұл модуль педагогке өз тәжірибесін зерттеуге, сабақ сапасын талдауға, кәсіби рефлексия жасауға және үздіксіз даму траекториясын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Курстың ерекшелігі – теорияның әрбір бөлімі міндетті түрде тәжірибемен ұштасады. Қатысушылар орта және қысқа мерзімді жоспарлар әзірлейді, заманауи сабақ үлгілерін құрастырады, микросабақтар өткізіп, нақты білім беру өнімдерін жасайды. Бұл – жай ғана біліктілікті арттыру курсы емес.

Бұл – қазіргі педагогтің кәсіби қызметін жаңа деңгейге көтеруге арналған кешенді бағдарлама.

Курс атаулары:
🔹 «Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын жүзеге асырудағы жаңа тәсілдер: мақсаттан күтілетін оқу нәтижесіне жету. «Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті» Т1
🔹 «Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын жүзеге асырудағы жаңа тәсілдер: мақсаттан күтілетін оқу нәтижесіне жету. «Қазақ тілі мен әдебиеті» Т2
🔹 «New approaches to the implementation of the state compulsory standard for education: from goals to expected learning outcomes. «English language»
🔹 «Новые подходы реализации Государственного общеобязательного стандарта образования: от цели к ожидаемым результатам. «Русский язык» и «Русская литература» Я1»
🔹 «Новые подходы реализации Государственного общеобязательного стандарта образования: от цели к ожидаемым результатам. «Русский язык» и «Русская литература» Я2»
🔹 «Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын жүзеге асырудағы жаңа тәсілдер: мақсаттан күтілетін оқу нәтижесіне жету. «Тарих» және «Құқық негіздері»
🔹 «Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын жүзеге асырудағы жаңа тәсілдер: мақсаттан күтілетін оқу нәтижесіне жету. «Көркем еңбек»
🔹 «Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын жүзеге асырудағы жаңа тәсілдер: мақсаттан күтілетін оқу нәтижесіне жету. «Музыка»