+7 (7172) 55 95 55

M

29.07.2026

2026 жылдың бірінші жартыжылдығында педагогтерге көрсетілген әдістемелік қолдау қорытындыланды

2026 жылдың алғашқы алты айында «Өрлеу» БАҰО» АҚ Оқу-әдістемелік жұмыс департаменті педагогтерді курстан кейінгі сүйемелдеуді жүйелі түрде жүргізіп, әдістемелік қолдау көрсетуді және «Ұстаз» ұлттық платформасындағы аттестаттау үдерісін сүйемелдеуді жалғастырды.

Осы кезеңде 612 курстан кейінгі іс-шара ұйымдастырылып, 15 мыңнан астам педагогке кәсіби қолдау көрсетілді. Сонымен қатар 379 семинар, шеберлік сағаты мен практикум өткізіліп, оларға 16 мыңнан астам педагог қатысты.

Жартыжылдық ішінде 20 конференция, форум және дөңгелек үстел, сондай-ақ 9 кәсіби байқау мен фестиваль ұйымдастырылды. Аттестаттау мәселелері бойынша 10 әдістемелік материал дайындалды.

Педагогтердің кәсіби дамуына бағытталған онлайн жұмыстар да қарқынды жүргізілді. Осы уақыт аралығында 43 вебинар өтіп, оларға 20 мыңнан астам қосылу тіркелді. Ал пилоттық жоба аясында ұйымдастырылған 8 вебинарға 7 мыңнан астам педагог қатысты.

Әлеуметтік желілердегі жарияланымдар 1,8 миллион қаралым жинап, педагогикалық қауымдастықтың әдістемелік материалдарға қызығушылығы жоғары екенін көрсетті.

Жүргізілген жұмыстар педагогтерге үздіксіз кәсіби қолдау көрсетуге, тәжірибе алмасуға және білім беру сапасын арттыруға бағытталды.