Форум түрлі елдерден келген педагогтерді, сарапшылар мен практиктерді біріктіріп, кәсіби диалог пен тәжірибе алмасудың маңызды алаңына айналды. Форум модераторы «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалының аға оқытушысы Әсел Жақсылықова болды.
🎤 Пленарлық отырыс барысында цифрлық трансформация, жасанды интеллектті қолдану, сондай-ақ оқыту мен мұғалімдерді дамытудағы жаңа тәсілдерге қатысты өзекті мәселелер талқыланды.
Спикерлер қатарында:
• Лейла Альмагамбетова, қауымдастырылған профессор, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалының директоры;
• Аида Мейркулова, «Өрлеу» БАҰО» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары;
• Валентина Черных, «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» КММ білім мазмұны мен сапасы бөлімінің басшысы;
• Элизабет Алибаева Девис, Орталық Азиядағы Американдық университеттің Master of Arts in Teaching (MAT) бағдарламасының директоры және ассистент-профессоры;
• Исмаил Оркун Атасой, PhD, «М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті» КЕАҚ «Шетел тілдері» кафедрасының ассистент-профессоры;
• Махамба Себастьян Ихонде, ассистент-оқытушы, Africa ELTA президенті, лингвистика магистрі, TUMI теологиялық колледжі (Мванза қ., Танзания);
• Сильванус Амоло Опот, «Петропавл қ. ХБН НЗМ» химия пәнінің мұғалімі.
🧩 Форум қатысушылары 5 секция аясында нақты білім беру шешімдерімен жұмыс істеп, тәжірибеге енгізуге дайын нақты өнімдерін ұсынды.
✨ Форумға ерекше көрік берген көрмелерді төмендегі ұйымдар ұсынды:
КММ «№28 жалпы білім беретін мектеп»;
КММ «Мағжан Жұмабаев атындағы IT-мектеп-лицей»;
КММ «Бірінші қалалық жалпы білім беретін IT лицей»;
МҚКК «Балдәурен» бөбекжай-бақшасы;
American Corner & Makerspace Petropavlovsk.
@28jbb_mektep
@it.lyceum.mgj
@flyceum.petro
@baldaurenbb.08
@american_corner_petropavlovsk


