Осы орайда директордың орынбасары Айнагуль Кабдирова «Meta Leader» халықаралық NLP&Coaching Center орталығында 280 сағаттық коучингтік оқыту бағдарламасын аяқтап, «Сертификатталған кәсіби коуч (PCC)» біліктілігін алды. Сертификат бағдарламаны толық меңгергенін және кәсіби деңгейде коучингтік құзыреттерді игергенін растайды (Association of Professional Coaches).
Сонымен қатар, Британдық Кеңес пен «Өрлеу» БАҰО» АҚ бірлесіп жүзеге асырып жатқан Accelerating English Language Learning in Central Asia (AELLCA) халықаралық бағдарламасы аясында оқытушылар Наталья Подкомаровская, Асем Ахметова, Азиза Ибраева және Асель Джаксалыкова 2025 жылы ересектерді оқытудың заманауи тәсілдері, фасилитация және рефлексивті тәжірибе бойынша 40 сағаттық каскадтық тренингтен өтіп, оқуды бастады. Ал 2026 жылы сертификаттау кезеңінен сәтті өтіп, бағдарламаны толық аяқтады. Аға оқытушыларға «Британдық Кеңестің тренері» біліктілігі берілді.
Бүгін әріптестерге сертификаттар салтанатты түрде табысталды. Әріптестерімізді құттықтап, кәсіби дамуына жаңа жетістіктер тілейміз!
@a_kabdirova
@natalya_podkomarovskaya
@aziza.ibraeva
@asselya2882
@akhmetovaassem
@orleu_official


