Хабарландыру мәні: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Павлодар қ., Генерал Дүйсенов көш., 22/1 мекенжайындағы «Өрлеу» БАҰО» АҚ «Павлодар облысы бойынша кәсіби даму институты» филиалы ғимаратының аумағында орналасқан, 1989 жылы пескоблоктан (құм-бетон блоктарынан) салынған гараж үй-жайы.
Жалпы алаңы: 68,0 (алпыс сегіз) ш. м.
Жалға алу ақысының мөлшері: айына 1 ш. метр үшін ҚҚС есебімен 3 500 (үш мың бес жүз) теңге. Жалға алу ақысы ай сайын енгізіледі.
Нысанның қысқаша техникалық сипаттамасы: Үй-жай тиісті техникалық жағдайда, пайдалануға және нысаналы мақсаты бойынша қолдануға жарамды. Қақпаның өлшемі: ені — 3,40 м, биіктігі — 3,00 м. Төбенің биіктігі — 4,15 м. Гаражда автокөлік құралдарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу үшін қарау шұңқыры көзделген. Үй-жай жылытылады, электрмен жабдықтау жүргізілген.
Нысанды нысаналы пайдалану: Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған қызметті жүзеге асыру үшін, пайдалану мақсаты нысанның функционалдық және техникалық арналымына, қауіпсіздік талаптарына, санитариялық, өртке қарсы және басқа да міндетті талаптарға, сондай-ақ Шарт талаптарына сәйкес келген жағдайда.
Рәсімге қатысушылар: Қатысуға Қазақстан Республикасы заңнамасының және Қоғамның ішкі нормативтік құжаттарының талаптарына сәйкес келетін жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ дара кәсіпкерлер жіберіледі.
Әлеуетті жалға алушыны таңдау критерийлері:
- Ұсынылатын жалға алу ақысының мөлшері;
- Нысанды пайдалану шарттары мен тиімділігі;
- Өтініш берушінің Қазақстан Республикасының заңнамасында, осы хабарландыруда және құжаттамада белгіленген талаптарға сәйкестігі;
- Құжаттамада көзделген басқа да критерийлер.
Өтінімдерді беру тәртібі мен мерзімдері: Қатысуға өтінімдер 2026 жылғы 14 қыркүйектен 18 қыркүйекке дейін (қоса алғанда) мына мекенжай бойынша қабылданады: Астана қ., Достық көш., 18, 22-қабат, 13-кабинет, «Москва» БО.
Өтінімдерді қарау күні, уақыты мен орны: 2026 жылғы 21 қыркүйек сағат 10:00-де мына мекенжай бойынша: Астана қ., Достық көш., 18, 22-қабат, «Москва» БО.
Рәсімге қатысу тәртібі:
- Қатысу үшін әлеуетті жалға алушы белгіленген мерзімде осы хабарландыруда көрсетілген тәсілмен қағаз жеткізгіште не электрондық нысанда өтінім береді.
- Қағаз жеткізгіштегі өтінімге өтініш беруші немесе оның уәкілетті өкілі қол қояды және ол желімденген конвертте ұсынылады.
- Электрондық өтінім және оған қоса берілетін құжаттар PDF форматында kuzhat@orleu-edu.kz электрондық пошта мекенжайына 2026 жылғы 18 қыркүйек сағат 18:00-ден кешіктірілмей жіберіледі.
Өтінімде мыналар болуы тиіс:
- Заңды тұлғаның атауы немесе жеке тұлғаның не дара кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), өтініш берушінің сәйкестендіру және байланыс деректері;
- Нысанды пайдалану мақсаты;
- Егер хабарландыруда нұсқаларға жол берілсе, ұсынылатын жалға алу мерзімі;
- Мөлшері бастапқы мөлшерден төмен болмайтын ұсынылатын ай сайынғы жалға алу ақысы;
- Осы хабарландырудың міндетті шарттарымен және Шарт жобасымен келісетінін растау;
- Өтініш берушінің белгіленген талаптарға сәйкестігін растайтын мәліметтер мен құжаттар.
Өтінімге мынадай құжаттар қоса беріледі:
- Құрылтай құжаттарының көшірмелері — заңды тұлғалар үшін;
- Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі — жеке тұлғалар үшін; дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелгенін растайтын құжат не электрондық нысандағы тиісті мәліметтер — дара кәсіпкерлер үшін;
- Өтінім берілген күнге дейін бір айдан ерте емес берілген салықтар мен басқа да міндетті төлемдер бойынша берешек қарыздың жоқтығын растайтын құжат;
- Өкілдің өкілеттігін растайтын құжат — өтінімді өкіл берген жағдайда.
Мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынған мәліметтер электрондық құжаттар, цифрлық құжаттар, анықтамалар немесе тексерілетін үзінді көшірмелер түрінде ұсынылуы мүмкін.
Белгіленген мерзімнен кейін келіп түскен өтінімдер өтініш берушіге тиісті хабарлама жіберіле отырып, қаралмайды.
Комиссия өтінімді мынадай жағдайларда қабылдамай тастауға құқылы:
- Өтінім белгіленген мерзім өткеннен кейін берілсе;
- Егер тиісті кемшіліктер өтінімнің мазмұнын өзгертпей жойылмайтын болса, міндетті құжаттар немесе мәліметтер болмағанда;
- Көрінеу жалған мәліметтер ұсынылғанда;
- Өтініш беруші немесе ұсынылатын нысанды пайдалану белгіленген міндетті талаптарға сәйкес келмегенде;
- Бастапқы мөлшерден төмен жалға алу ақысы ұсынылғанда.
Рәсімге қатысушылардың құқықтары:
- Құжаттаманы және рәсімді өткізу мәселелері бойынша түсініктемелерді алуға;
- Нысанды алдын ала қарап шығуға;
- Осы хабарландыруда көзделген тәсілмен жазбаша немесе электрондық хабарлама жіберу арқылы өтінімді қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін оны өзгертуге немесе кері қайтарып алуға.
Қосымша шарттар:
- Гараждың шатырына жөндеу жұмыстарын жүргізу талап етіледі (жауын-шашын кезеңінде су ағу байқалады). Шатырды жөндеу кезеңінде Жалға алушыға жалға алу демалысы беріледі (жұмыстарды жүргізу мерзімі мен тәртібі тараптардың келісімімен айқындалады және Шартта бекітіледі).
- Үй-жайды нысаналы мақсаты бойынша одан әрі пайдалану үшін қажетті басқа да жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу қажеттілігі туындаған жағдайда, жалға алушы ретінде таңдалған тұлға оларды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына және жалға алу шартының талаптарына сәйкес өз есебінен жүзеге асырады.
- Коммуналдық қызметтерге, пайдалану шығыстарына, сондай-ақ нысанды пайдалануға және күтіп-ұстауға байланысты басқа да міндетті төлемдерді төлеу бойынша міндеттемелер Жалға алушыға жүктеледі.
Байланысатын тұлға: А. Исполова
Телефон: 8 701 803 16 89
Жалға берудің үлгілік шарты: сілтеме


