+7 (7172) 55 87 82

M

16.09.2026

Тыңдаушы үні – кәсіби дамудың маңызды бағдары

Атырау облысы бойынша Кәсіби даму институтында тыңдаушылармен ашық пікір алмасуға бағытталған кездесулер жалғасуда.

Кезекті кездесу «Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын жүзеге асырудағы жаңа тәсілдер: мақсаттан күтілетін оқу нәтижесіне жету. «Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті»» біліктілікті арттыру курсында білім алып жатқан қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерімен ұйымдастырылды.

Кездесуге жоғары буын және жас мамандар қатысып, кәсіби тәжірибелері мен өзекті ойларын ашық ортада бөлісті.

Еркін форматтағы пікір алмасу барысында біліктілікті арттыру курстарының сапасы, оқу мазмұнының өзектілігі, курстан кейінгі әдістемелік қолдау, педагогтің кәсіби қажеттіліктері, сондай-ақ жасанды интеллект құралдарын оқу үдерісінде тиімді қолдану мәселелері талқыланды.

Тыңдаушылар курс барысында алған тәжірибелерімен бөлісіп, білім беру мазмұнын жетілдіруге, оқыту формаларын дамытуға және педагогтерге көрсетілетін қолдауды күшейтуге қатысты нақты ұсыныстарын білдірді.

Кездесудің негізгі мақсаты – тыңдаушылардың пікірін тыңдау ғана емес, олардың кәсіби сұраныстары мен ұсыныстарын институт жұмысының даму бағыттарымен сабақтастыру.

Педагогтердің шынайы пікірі – курс сапасын бағалаудың маңызды көрсеткіші. Ал ашық диалог – өзара сенімді нығайтып, кәсіби дамуға бағытталған жаңа мүмкіндіктерді бірге қалыптастырудың тиімді жолы.

Тыңдаушы үні – даму бағыты.
Ал тыңдаушы ұсынысы – сапаны жетілдіруге негіз болатын нақты қадам.