+7 (7172) 55 87 82

M

17.09.2026

«ЗАМАНАУИ ПЕДАГОГ: КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІК ЖӘНЕ ЭМОЦИОНАЛДЫҚ ИНТЕЛЛЕКТ»

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы – Атырау облысы бойынша Кәсіби даму институты педагогтерді республикалық ғылыми-тәжірибелік онлайн конференцияға қатысуға шақырады.

🔹 Конференцияның негізгі тақырыптары:
• заманауи педагогтің кәсіби құзыреттілігі және ХХІ ғасыр дағдылары;
• білім беру үдерісіндегі эмоционалдық интеллект;
• эмоционалдық сауаттылық және өзін-өзі басқару;
• эмоционалдық интеллектіні оқу-тәрбие үдерісіне кіріктіру тәжірибесі.

🎯 Конференцияның мақсаты – заманауи педагогтің кәсіби құзыреттілігі мен эмоционалдық интеллектін дамыту мәселелерін талқылау, тиімді әдістер мен педагогикалық тәжірибелерді жинақтау және тарату.

📅 Өтетін күні: 14 қазан 2026 жыл
🕘 Уақыты: 09:00
💻 Форматы: онлайн, Zoom платформасы
🗣 Жұмыс тілдері: қазақ және орыс тілдері

📌 Мақала қабылдау мерзімі:
2026 жылғы 1 қазанға дейін

📧 Мақалалар мен өтінімдер:
atyrau.press@orleu.edu.kz

📞 Байланыс телефондары:
8 702 364 23 32 – Даулетова Нұргүл Алдабергенқызы
8 701 495 41 64 – Ажигулова Майя Салауатовна

📚 Конференция қорытындысы бойынша электрондық материалдар жинағы шығарылады. Қатысушыларға электрондық сертификат (PDF) беріледі.

✨ Заманауи педагогтің кәсіби құзыреттілігі мен эмоционалдық интеллектін дамытуға бағытталған ғылыми пікір алмасуға қатысыңыз!