«Өрлеу» БАҰО» АҚ Атырау облысы бойынша Кәсіби даму институтының директоры Балауса Хоныспаевна Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің ректоры Саламат Нұрмұханұлымен және Каспий өңірінің көпсалалы жоғары колледжінің директоры Салтанат Қосайқызымен кездесті.
Кездесу барысында білім беру ұйымдарымен ынтымақтастық аясында жүзеге асырылатын бірлескен жобалар мен іс-шаралар талқыланып, алдағы жұмыс бағыттары нақтыланды.
Кәсіби серіктестік — тәжірибе алмасу, жаңа бастамалар және ортақ нәтижеге бастар жол.

