Бүгін «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы – Атырау облысы бойынша Кәсіби даму институтында педагогтерді аттестаттаудан өткізудің пилоттық жобасына қатысты ақпараттық-түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды.
Кездесу «Ұстаз» платформасының кураторларына арналды. Олардың қатарында Атырау облысының 7 ауданындағы білім беру ұйымдарының, жекеменшік мектептер мен балабақшалардың, сондай-ақ техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының (колледждердің) кураторлары қатысты.
Ақпараттық-түсіндіру жұмысын «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы – Атырау облысы бойынша Кәсіби даму институтының маманы Тулесинова Сымбат Бағытқызы жүргізді.
Кездесу барысында 2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап іске қосылған педагогтерді аттестаттаудан өткізудің пилоттық жобасының негізгі талаптары, аттестаттауға қатысу шарттары, біліктілікті бағалау және педагогтің қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтау тәртібі түсіндірілді.
Сонымен қатар біліктілік санаттарын беру және растауға қойылатын жаңа талаптар мен енгізіліп отырған өзгерістер бойынша нақты ақпарат ұсынылды.
Кураторлар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, пилоттық жоба талаптары бойынша қажетті түсіндірмелер алды.

