ҚҰРМЕТТІ ПЕДАГОГТЕР!
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы – Атырау облысы бойынша Кәсіби даму институты «Педагогтың цифрлық құзыреттілігі: ЖИ құралдары мен әдістемесі» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік онлайн конференцияға қатысуға шақырады.
🎯 Конференцияның мақсаты – білім берудің цифрлық трансформациясы жағдайында педагогтердің жасанды интеллект (ЖИ) құралдарын тиімді, қауіпсіз және этикалық тұрғыдан қолдану құзыреттілігін дамыту, озық тәжірибелерді зерделеу және әдістемелік шешімдерді тарату.
🔑 Конференцияның негізгі бағыттары:
– Педагогтің цифрлық және ЖИ-құзыреттілігі: кәсіби даму траекториялары;
– Білім беру үдерісіндегі ЖИ: әдістемелік шешімдер және практикалық тәжірибе;
– Білім берудегі ЖИ: мүмкіндіктері, тәуекелдері және қауіпсіз қолдану;
– ЖИ дәуіріндегі академиялық адалдық, цифрлық этика және ЖИ енгізу.
🗓️ Өтетін күні: 13 қараша 2026 жыл
⏰ Уақыты: 09:00
📡 Формат: онлайн, Zoom платформасы
🌐 Жұмыс тілдері: қазақ және орыс тілдері
📄 Мақалаларды қабылдау мерзімі: 2026 жылғы 23 қазанға дейін.
📧 Электрондық пошта: atyrau_konferentsiya@orleu.edu.kz
📚 Конференция қорытындысы бойынша электрондық материалдар жинағы шығарылады. Қатысушыларға электрондық форматта (PDF) сертификат беріледі.
📞 Байланыс телефондары:
Дюсенова Меруерт Мадениетовна –
8 778 532 56 14
Аронова Алтынай Женисовна –
8 702 959 98 17
Тажиева Гульмира Капановна –
8 701 142 28 01
📌 Педагогтің цифрлық құзыреттілігін арттыруға, ЖИ құралдарын білім беру тәжірибесіне тиімді енгізуге және өз тәжірибеңізбен бөлісуге мүмкіндік беретін конференцияға қатысуға шақырамыз!

