«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы – Атырау облысы бойынша Кәсіби даму институты директоры Жалмуханова Балауса Хоныспаевна және Атырау энергетика және құрылыс колледжінің директоры Джумагазиев Тухфатолла Махфузович өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Меморандум білім беру саласындағы өзара байланысты нығайтуға, орта білім беру жүйесінің тиімді жұмыс істеуіне ықпал етуге, педагогтер мен қызметкерлердің кәсіби біліктілігін арттыруға, сондай-ақ кәсіптік білім беру мен ғылымды ықпалдастыруға бағытталған.
Ынтымақтастық аясында тәжірибе алмасу, кәсіби даму іс-шараларын ұйымдастыру және білім беру сапасын арттыруға бағытталған бірлескен жұмыстарды жүзеге асыру көзделеді.
Бұл серіктестік екі білім беру ұйымы арасындағы өзара байланысты нығайтып, кәсіби білім беру мен педагогтердің біліктілігін арттыру бағыттарындағы бірлескен бастамаларды дамытуға мүмкіндік береді.

