+7 (7172) 55 87 82

M

14.09.2026

«ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ» КУРСЫ БАСТАЛДЫ

Бүгін филиалда ҚР Ұлттық банкі мен «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының бірлескен жобасы аясында «Қаржылық сауаттылық негіздері» білім беру бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру курсының үшінші легі басталды.

Қаржылық сауаттылықты арттыруға бағытталған жоба Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес ҚР Оқу-ағарту министрлігі, ҚР Ұлттық Банкі және «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы арасындағы үшжақты келісім негізінде жүзеге асырылуда.

Бағдарлама бойынша 14 қыркүйек пен 6 қараша аралығында Қызылорда облысындағы орта білім беру ұйымдарының басшылық құрамы мен математика пәні мұғалімдері курстан өтеді.

Курс қаржыны тиімді басқару мен қаржылық құралдарды қауіпсіз пайдаланудан бастап, ықтимал тәуекелдер мен алаяқтық әрекеттерді ажырата білуге дейінгі практикалық дағдыларды дамытуға бағытталған.

Жобаның ерекшелігі – ҚР Ұлттық Банкі сарапшыларының барлық кезеңге тікелей қатысуы. Олар курс мазмұнын әзірлеуден бастап, педагогтерді оқытуға және курстан кейінгі сүйемелдеуге дейін қолдау көрсетеді.

Тыңдаушыларымызға қаржылық мәдениетті қалыптастыруда сәттілік тілейміз!