Бүгін филиалда жас педагогтерге кәсіби қолдау көрсету мақсатында «Жас маманның кәсіби бейімделуі: қиындықтар мен шешу жолдары» тақырыбында кәсіби networking ұйымдастырылды.
Кездесу жас мамандардың кәсіби бейімделу барысында кездесетін негізгі қиындықтарын анықтауға, оларды шешудің тиімді жолдарын қарастыруға және мектеп басшыларымен тәжірибе алмасуға бағытталды.
Кәсіби алаң барысында мектеп басшылары мен жас мамандар педагогикалық қызметте кездесетін нақты жағдаяттық кейстермен жұмыс істеді. Әр жағдаят бойынша жас мұғалімдер өз көзқарастарын ортаға салса, мектеп басшылары кәсіби тәжірибелеріне сүйене отырып, мәселені шешудің тиімді жолдарын ұсынды.
Ашық пікір алмасу барысында еңбек міндеттерін дұрыс түсіну, жұмыс жүктемесін әділ ұйымдастыру, мектеп әкімшілігімен кәсіби қарым-қатынас орнату, сабақты тиімді жоспарлау және туындаған мәселелерді конструктивті диалог арқылы шешу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Алдағы күндері жас мамандарды кәсіби қолдауға бағытталған шаралар «Мен білемін – мен үйренемін – мен бөлісемін» қағидасы негізінде жалғасады.

