16 қыркүйектен бастап «Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша филиалында педагогтерді аттестаттаудың пилоттық жобасы бойынша мектепке дейінгі, орта білім беру, техникалық және кәсіптік, қосымша білім беру ұйымдарының педагогтеріне консультациялық-әдістемелік қолдау көрсетілуде.
Негізгі мақсат – педагогтерге қажетті ақпаратты түсінікті әрі нақты жеткізу, аттестаттауға қатысты сауалдарына жауап беру.
Кездесу барысында ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 2026 жылғы 5 маусымдағы №159-НҚ бұйрығының талаптары түсіндірілді. Педагогтерден келіп түскен әр сауал қолданыстағы талаптар мен пилоттық жобаның ерекшеліктері аясында талқыланып, жауапты мамандар тарапынан тиісті түсіндірме беріліп жатыр.
Педагогтермен кері байланыс және консультациялық-әдістемелік қолдау жұмыстары жүйелі түрде жалғасады.

