«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы – Атырау облысы бойынша Кәсіби даму институтында 2026 жылғы 7–18 қыркүйек аралығында мемлекеттік тапсырыс негізінде ұйымдастырылған екі апталық біліктілікті арттыру курстары өз мәресіне жетті.
Екі аптаға созылған кәсіби оқыту барысында педагогтер заманауи білім беру талаптарына сай білімдерін толықтырып, практикалық дағдыларын жетілдірді. Курстардың мазмұны педагогикалық тәсілдерді тиімді қолдану, оқу үдерісін жоспарлау, сыныпты басқару, кәсіби бағдар беру, жас мамандардың педагогикалық қызметке бейімделуі және білім беру үдерісіне цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект құралдарын кіріктіру бағыттарын қамтыды.
Курс аясында:
🔹 «Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын жүзеге асырудағы жаңа тәсілдер: мақсаттан күтілетін оқу нәтижесіне жету. «Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті» (Т1)»;
🔹 «Сыныпты басқарудың тиімді стратегияларын қолдана отырып, ағылшын тілін оқытудың жағымды және нәтижелі ортасын құру»;
🔹 «Білім алушыны кәсіби бағдарлаудағы мектептің іс-әрекеті»;
🔹 «Педагогикалық қызметке кіріспе» тақырыптары бойынша оқыту жүргізілді.
Оқу бағдарламаларын сәтті меңгерген тыңдаушыларға курс аяқталғанын растайтын сертификаттар табысталды.

