+7 (7172) 55 87 82

M

22.09.2026

ПЕДАГОГТЕРДІ АТТЕСТАТТАУДЫҢ ПИЛОТТЫҚ ЖОБАСЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

21-22 қыркүйек күндері  «Өрлеу» БАҰО» АҚ «БҚО бойынша КДИ» филиалы директорының орынбасары К. Байкатованың қатысуымен Бәйтерек және Ақжайық, Бөкейорда және Бөрлі  аудандарының орта білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті. Zoom платформасында ұйымдастырылған онлайн кездесуге 250-ден астам педагог қатысып, педагогтерді аттестаттаудың пилоттық жобасы туралы маңызды ақпаратпен танысты.

Кездесу барысында педагогтерді аттестаттау рәсімін оңтайландыру және жетілдіру, педагогтерді курстан кейінгі қолдау тетіктері, сондай-ақ педагогтің үздіксіз кәсіби дамуына арналған ұлттық «Ұстаз» платформасының мүмкіндіктері таныстырылды. Сонымен қатар пилоттық жобаны өткізу компоненттері мен шарттары, педагогтің кәсіби цифрлық бейінін қалыптастыру және оны бағалау критерийлері бойынша түсіндірме берілді. Кездесу педагогтерге пилоттық жоба талаптарын жан-жақты түсініп, аттестаттау рәсіміне байланысты өзекті сұрақтарға жауап алуға мүмкіндік берді.