Өрлеу

Басқарма төрағасының үндеуі

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамы Қазақстандағы педагогтердің кәсіби дамуын қамтамасыз ететін, білім беру мазмұнын әзірлеу, қолданбалы зерттеулер жүргізу және озық тәжірибелерді тарату бағытында қызмет атқаратын жетекші ұйым. Қоғамның қызметі жоғары жауапкершілікті, сапа стандарттарын қатаң сақтауды талап етеді.

Қоғамның Директорлар кеңесі мен Басқармасы сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне мүлдем төзбеушілік қағидатын берік ұстанады.

Қоғамның іскерлік беделі әрбір қызметкердің іс-әрекетіне және кәсіби ұстанымына тікелей байланысты екенін түсінеміз. Осыған орай, біздің басты міндетіміз жоғары этикалық нормаларды сақтау, контрагенттермен және мемлекеттік органдармен өзара қарым-қатынаста, сондай-ақ ұйым ішіндегі қызметтік қатынастарда сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу қағидаттарын ұстану.

Қоғамда заңсыз әрекеттердің алдын алуға және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмауға бағытталған тетіктер мен құралдар жүйелі түрде енгізіліп, жетілдірілуде. Осы мақсатта Іскерлік әдеп кодексі мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясаты қолданылады, комплаенс-офицер тағайындалған. Сонымен қатар, ықтимал заң бұзушылықтар туралы, оның ішінде анонимді түрде хабарлауға мүмкіндік беретін жедел байланыс желісі жұмыс істейді.

Іскерлік әдеп талаптарын сақтау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша кеңес немесе түсіндірме қажет болған жағдайда, әдеп мәселелері жөніндегі уәкілетті тұлға комплаенс-офицерге жүгінуге болады. Ол тиісті қолдау көрсетіп, қажетті түсіндірмелер береді.

Құрметпен,

Алматов Ғалымжан Бауыржанұлы
Басқарма Төрағасы