Өрлеу

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы

Әр балаға - құзыретті әрі шабыттандырушы педагог

Миссия

Педагогтердің кәсіби деңгейін арттыру, олардың өмір бойы білім алуға деген ынтасын қолдау, сапалы білім беру мазмұнын қалыптастыру және кәсіби білім алушы қауымдастықта инновациялық білім мен тәжірибенің алмасуын қамтамасыз ету

Негізгі артықшылықтар

Дамыған филиалдар желісі

«Өрлеу» БАҰО Қазақстанның барлық өңірінде жұмыс істеуі педагогтерге біліктілікті арттыру бағдарламаларына тең әрі қолжетімді қатысуға мүмкіндік беріп, сапаның бірыңғай стандарттарын қамтамасыз етеді

Білім беру бағдарламалары

Білім беру модульдері ұлттық басымдықтарды, халықаралық үрдістерді және дәлелді педагогика қағидаттарын ескере отырып әзірленген

Икемді оқу форматтары

Күндізгі оқу, онлайн және аралас оқу форматтары білім беру бағдарламаларына қолжетімділікті кеңейтіп, әр педагогке кәсіби дамудың тиімді жолын таңдауға мүмкіндік береді

Жоғары білікті оқытушылар құрамы

Оқытуды педагогикалық тәжірибеде және білім беру ұйымдарын басқару жүйесінде инновациялық шешімдерді енгізу тәжірибесі бар білікті практик-мамандар, зерттеушілер мен әдіскерлер жүргізеді

Курстан кейінгі әдістемелік қолдау

Біздің курстарымызға қатысқан әр тыңдаушы өзекті пәндік білімдерін және жаңа практикалық оқыту дағдыларын бекіту үшін кәсіби посткурс қолдау алу ерекше мүмкіндігіне ие болады

Сұрақтарыңыз бар ма?

Мұнда сіз педагогтердің кәсіби дамуына бағытталған қызметтің негізгі бағыттарымен, цифрлық экожүйесімен, білім беру бағдарламаларымен және ғылыми-әдістемелік ресурстарымен қысқаша таныса аласыз

Біз педагогтердің кәсіби әлеуетін шабыттандырып, дамытуға және қолдауға бағытталған жүйелі жұмыс жүргіземіз. Қазақстанның педагогикалық қауымдастығын тәжірибе, білім мен инновациялар елдің бүгіні мен болашағына қызмет ететін кәсіби өсудің біртұтас, серпінді ортасына біріктіреміз. Оқыту мазмұнын ұлттық педагогикалық тәжірибе мен әлемдегі озық үлгілерге сүйене отырып, жетекші сарапшылардың, ғылыми орта өкілдерінің, «Болашақ» бағдарламасы түлектерінің және Назарбаев Университеті мамандарының қатысуымен қалыптастырамыз. Халықаралық серіктестеріміз қатарында UNESCO, British Council, ISTE, RCEC және басқа да ұйымдар бар.

«Digital ORLEU» бірыңғай цифрлық экожүйесі іске қосылды. Құрамында Beles LMS, PPI Platform, Career Portal, Orleu ID және MOOC бар. Платформаны 259 мыңнан астам белсенді қолданушы пайдаланады, жылдық қаралым саны 3,5 миллионнан асады

Қазақстандағы педагогтердің біліктілігін арттыру жүйесіндегі көшбасшылық. ACQUIN халықаралық аккредитациясы. НААР арқылы 12 білім беру бағдарламасының аккредитациядан өтуі. ISTE және IPDA халықаралық кәсіби желілеріне белсенді қатысу

«Өрлеу» — Қазақстан педагогтерінің ғылыми ой-идеяларын, педагогикалық инновацияларын және зерттеушілік әлеуетін дамытуға арналған кәсіби алаң. 2025 жылы педагогикалық көшбасшылық, цифрландыру және инклюзия бағыттары бойынша 15 зерттеу жобасы іске асырылды. Орталық қызметкерлері рецензияланатын халықаралық және ұлттық басылымдарда 300-ден астам ғылыми мақала жариялады. «Өрлеу. Үздіксіз білім жаршысы – Өрлеу. Вести непрерывного образования» журналы үздіксіз кәсіби дамуға арналған өзекті ғылыми-әдістемелік ұстанымдарды, педагогикалық жаңашылдықтарды, оқыту мен білім берудің үздік тәжірибелерін және сараптамалық шешімдерді ұсынады

«ӨРЛЕУ»: педагогтің кәсіби шеберлігін арттыру жолындағы 78 жыл

Педагогтердің біліктілігін арттырудың ұлттық жүйесін қалыптастыру мен дамытудың негізгі кезеңдері

  1. 1930

    Педагогтердің біліктілігін арттыру жүйесінің қалыптасуы

    Жалпыға бірдей бастауыш білім беруді енгізуге байланысты педагог кадрлардың кәсіби біліктілігін арттыруға ерекше мән беріле бастады. Мұғалімдер үшін жазғы және сырттай курстар ұйымдастырылып, пәндік даярлықпен қатар еңбекке баулу мен патриоттық тәрбиеге басымдық берілді.

  2. 1932

    Алғашқы мамандандырылған институттың ашылуы

    Қазақ АССР Халық Комиссарлары кеңесінің шешімімен Алматы қаласында Халыққа білім беру мамандарының біліктілігін арттыру институты ашылды. Мұнда мұғалімдердің кәсіби білімін жетілдіруге бағытталған салалық курстар жүргізіліп, ғылыми және әдістемелік орталықтар құрылды.

  3. 1935

    Ауыл мұғалімдерін қолдау

    Белгілі педагог Керім Тіленшин Оңтүстік Қазақстан облысында ауыл мұғалімдеріне арналған біліктілікті арттыру курсын ашты. Бұл ауылдық жерлердегі педагогтердің кәсіби дамуына бағытталған маңызды бастамалардың бірі болды.

  4. 1936-1937

    Педагогтерді даярлау мен қайта даярлауды күшейту

    Мектептерге жүргізілген тексеру нәтижесінде мұғалімдердің кәсіби даярлығын жетілдіру қажеттілігі айқындалды. 1937 жылы педагог кадрларды даярлау мәселесіне ерекше назар аударылып, мұғалімдерді қайта даярлаудың облысаралық курстары ұйымдастырылды.

  5. 1938

    Біліктілікті арттыру институттарының мәртебесі айқындалды

    Мұғалімдерді аттестаттау жүргізіліп, олардың білімін тереңдету, кәсіби біліктілігін жетілдіру және сабақ беру сапасын арттыруға бағытталған жұмыстар күшейтілді. Осы жылы республикалық, өлкелік және облыстық мұғалімдер білімін жетілдіру институттарының қызметін реттейтін ереже бекітілді. Институттар озық педагогикалық тәжірибені зерттейтін, жинақтайтын және тарататын ғылыми-әдістемелік орталық ретінде айқындалды.

  6. 1941-1945

    Соғыс жылдарындағы кәсіби қолдау

    Ұлы Отан соғысы жылдарында педагог кадрларды даярлау және қайта даярлау жүйесі жаңа жағдайға бейімделді. Әдістемелік кабинеттер мұғалімдердің біліктілігін жетілдірудің негізгі орталықтарына айналып, үздік педагогикалық тәжірибені жинақтау мен тарату жұмыстарын жалғастырды.

  7. 1941

    Педагогикалық тәжірибені кеңінен тарату

    Мұғалімдердің Бүкілқазақстандық съезі өтіп, педагогтердің кәсіби тәжірибесін зерделеу мен таратуға назар аударылды. Біліктілікті арттыру жүйесінде курсаралық жұмыстың жаңа түрлері енгізіліп, тәжірибе алмасу, тағылымдамалар мен танымдық экскурсиялар ұйымдастырыла бастады.

  8. 1944

    Мұғалімдер білімін жетілдіру институттарының дамуы

    14 қаңтарда «Мұғалімдер білімін жетілдіру институты туралы» ереже бекітілді. Сол жылы Қызылорда қаласында мұғалімдер білімін жетілдіру институты ашылып, оның директоры болып Д.Т. Тұрсынов тағайындалды. Институт курстар мен семинарлар өткізу, әдістемелік кеңес беру, озық педагогикалық тәжірибені зерттеу және жүйелеу, педагогикалық тақырыптарда радиохабарлар ұйымдастыру бағыттарында жұмыс жүргізді.

  9. 1948

    Педагогтердің біліктілігін арттыруға арналған алғашқы институттар

    Шығыс Қазақстан, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Гурьев (қазіргі Атырау), Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан (қазіргі Шымкент қаласы мен Түркістан облысы) облыстарында, сондай-ақ Алма-Ата қаласында (қазіргі Алматы) педагогтердің біліктілігін арттыру институттары құрылды

  10. 1950

    Біліктілікті арттыру институтын ашу

    Ақмола облысында педагогтердің біліктілігін арттыру институты ашылды

  11. 1951

    Біліктілікті арттыру институтын ашу

    Алма-Ата облысында педагогтердің біліктілігін арттыру институты ашылды

  12. 1952

    Біліктілікті арттыру институтын ашу

    Жамбыл облысында педагогтердің біліктілігін арттыру институты ашылды

  13. 2012

    Біліктілікті арттыру институтын ашу

    Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагог кадрларының біліктілігін арттыру республикалық институты мен өңірлік біліктілікті арттыру институттары біріктіру жолымен жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамы болып қайта құрылды

  14. 2021

    Біліктілікті арттыру институтын ашу

    Орталық аппарат Алматы қаласынан Астана қаласына көшірілді

  15. 2023

    Біліктілікті арттыру өкілдігін ашу

    Түркістан облысында, сондай-ақ Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарында өкілдіктер ашылды

  16. 2025

    Біліктілікті арттыру институтын ашу

    Түркістан облысында филиал ашылды

«Өрлеу» даму стратегиясы

Стратегияны қарау

Соңғы бейнелер

«ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАР ПАНОРАМАСЫ – 2025»
«Шетелдегі мектептерде қазақ тілінде оқытуды жүзеге асыратын педагогтерге кәсіби қолдау көрсету» жобасы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің «Қаржылық сауаттылық негіздері» жобасы

Жаңалықтар лентасы

Барлық жаңалықтар

«Өрлеу» тұрақты институционалдық желісі

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ

Қазақстан Республикасында педагогтердің үздіксіз кәсіби дамуының заманауи жүйесін қалыптастыратын негізгі провайдер

Филиал
16
Өкілдік
3
Оқытушы
238
Оқытылған педагог
715 636

Өрлеу

Өрлеу — Қазақстан Республикасындағы педагогтердің үздіксіз кәсіби дамуының заманауи жүйесін қалыптастыратын ұлттық орталық.

Орталық педагог кадрларын қайта даярлау мен біліктілігін арттыру бағдарламаларын жүзеге асырады, цифрлық білім беру платформаларын дамытады және практикалық бағыттағы, сапа мен тұрақты нәтижеге негізделген заманауи оқыту әдістемелерін енгізуді қамтамасыз етеді.

«Өрлеу» қызметі білім беру бағдарламаларын әзірлеу және сараптау, білім беру саласында қолданбалы зерттеулер жүргізу, педагогтердің кәсіби дамуын сүйемелдеу, сондай-ақ отандық және халықаралық оқыту тәжірибелерінің үздік үлгілерін тарату сияқты бағыттарды қамтиды.

«Өрлеу» біртұтас цифрлық экожүйесі арқылы білім беру процестерінің айқындылығы, барлық өңірлердегі педагогтер үшін оқудың қолжетімділігі және ұлттық білім беру жүйесі деңгейінде деректердің интеграциясы қамтамасыз етіледі.

Командаға қосылу

Біздің серіктестер

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы