Өрлеу

Тарих

Педагогтердің біліктілігін арттырудың ұлттық жүйесін қалыптастыру мен дамытудың негізгі кезеңдері

1930

Педагогтердің біліктілігін арттыру жүйесінің қалыптасуы

Жалпыға бірдей бастауыш білім беруді енгізуге байланысты педагог кадрлардың кәсіби біліктілігін арттыруға ерекше мән беріле бастады. Мұғалімдер үшін жазғы және сырттай курстар ұйымдастырылып, пәндік даярлықпен қатар еңбекке баулу мен патриоттық тәрбиеге басымдық берілді.

6 фото.jpg

1932

Алғашқы мамандандырылған институттың ашылуы

Қазақ АССР Халық Комиссарлары кеңесінің шешімімен Алматы қаласында Халыққа білім беру мамандарының біліктілігін арттыру институты ашылды. Мұнда мұғалімдердің кәсіби білімін жетілдіруге бағытталған салалық курстар жүргізіліп, ғылыми және әдістемелік орталықтар құрылды.

7 фото.jpg

1935

Ауыл мұғалімдерін қолдау

Белгілі педагог Керім Тіленшин Оңтүстік Қазақстан облысында ауыл мұғалімдеріне арналған біліктілікті арттыру курсын ашты. Бұл ауылдық жерлердегі педагогтердің кәсіби дамуына бағытталған маңызды бастамалардың бірі болды.

1936-1937

Педагогтерді даярлау мен қайта даярлауды күшейту

Мектептерге жүргізілген тексеру нәтижесінде мұғалімдердің кәсіби даярлығын жетілдіру қажеттілігі айқындалды. 1937 жылы педагог кадрларды даярлау мәселесіне ерекше назар аударылып, мұғалімдерді қайта даярлаудың облысаралық курстары ұйымдастырылды.

4 фото.jpg

1938

Біліктілікті арттыру институттарының мәртебесі айқындалды

Мұғалімдерді аттестаттау жүргізіліп, олардың білімін тереңдету, кәсіби біліктілігін жетілдіру және сабақ беру сапасын арттыруға бағытталған жұмыстар күшейтілді. Осы жылы республикалық, өлкелік және облыстық мұғалімдер білімін жетілдіру институттарының қызметін реттейтін ереже бекітілді. Институттар озық педагогикалық тәжірибені зерттейтін, жинақтайтын және тарататын ғылыми-әдістемелік орталық ретінде айқындалды.

4 фото.jpg

1941-1945

Соғыс жылдарындағы кәсіби қолдау

Ұлы Отан соғысы жылдарында педагог кадрларды даярлау және қайта даярлау жүйесі жаңа жағдайға бейімделді. Әдістемелік кабинеттер мұғалімдердің біліктілігін жетілдірудің негізгі орталықтарына айналып, үздік педагогикалық тәжірибені жинақтау мен тарату жұмыстарын жалғастырды.

5 фото.jpg

1941

Педагогикалық тәжірибені кеңінен тарату

Мұғалімдердің Бүкілқазақстандық съезі өтіп, педагогтердің кәсіби тәжірибесін зерделеу мен таратуға назар аударылды. Біліктілікті арттыру жүйесінде курсаралық жұмыстың жаңа түрлері енгізіліп, тәжірибе алмасу, тағылымдамалар мен танымдық экскурсиялар ұйымдастырыла бастады.

3 фото.jpg

1944

Мұғалімдер білімін жетілдіру институттарының дамуы

14 қаңтарда «Мұғалімдер білімін жетілдіру институты туралы» ереже бекітілді. Сол жылы Қызылорда қаласында мұғалімдер білімін жетілдіру институты ашылып, оның директоры болып Д.Т. Тұрсынов тағайындалды. Институт курстар мен семинарлар өткізу, әдістемелік кеңес беру, озық педагогикалық тәжірибені зерттеу және жүйелеу, педагогикалық тақырыптарда радиохабарлар ұйымдастыру бағыттарында жұмыс жүргізді.

1 фото.jpg

1948

Педагогтердің біліктілігін арттыруға арналған алғашқы институттар

Шығыс Қазақстан, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Гурьев (қазіргі Атырау), Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан (қазіргі Шымкент қаласы мен Түркістан облысы) облыстарында, сондай-ақ Алма-Ата қаласында (қазіргі Алматы) педагогтердің біліктілігін арттыру институттары құрылды

Rectangle 2278

1950

Біліктілікті арттыру институтын ашу

Ақмола облысында педагогтердің біліктілігін арттыру институты ашылды

Rectangle 2279

1951

Біліктілікті арттыру институтын ашу

Алма-Ата облысында педагогтердің біліктілігін арттыру институты ашылды

Rectangle 2280

1952

Біліктілікті арттыру институтын ашу

Жамбыл облысында педагогтердің біліктілігін арттыру институты ашылды

WhatsApp Image 2026-01-26 at 17.36.35 (2) — копия

2012

Біліктілікті арттыру институтын ашу

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагог кадрларының біліктілігін арттыру республикалық институты мен өңірлік біліктілікті арттыру институттары біріктіру жолымен жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамы болып қайта құрылды

Rectangle 2335

2021

Біліктілікті арттыру институтын ашу

Орталық аппарат Алматы қаласынан Астана қаласына көшірілді

Rectangle 2336

2023

Біліктілікті арттыру өкілдігін ашу

Түркістан облысында, сондай-ақ Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарында өкілдіктер ашылды

Rectangle 2338

2025

Біліктілікті арттыру институтын ашу

Түркістан облысында филиал ашылды

Rectangle 2341
Тарих — Өрлеу