ПАЙДАЛАНУШЫ КЕЛІСІМІНЕ ҚОСЫМША
ПАЙДАЛАНУШЫЛЫҚ КЕЛІСІМ
Осы Пайдаланушылық келісім (бұдан әрі – Келісім) «Өрлеу» біліктілікті арттырудың ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының (бұдан әрі – Қоғам) ақпараттық жүйелерін (бұдан әрі – АЖ) пайдалану ережелерін айқындайды және Қоғам мен АЖ-ні пайдаланатын тұлға (бұдан әрі – Пайдаланушы) арасындағы келісім болып табылады.
- Жалпы ережелер
1.1. АЖ-ні пайдалану Пайдаланушының осы Келісімнің барлық талаптарымен толық келісетінін білдіреді. 1.2. Қоғам осы Келісімді кез келген уақытта арнайы хабарлама жібермей-ақ толық немесе ішінара өзгертуге құқылы. Жаңа редакция АЖ-де жарияланған сәттен бастап күшіне енеді. Келісімге енгізілген өзгерістерді Пайдаланушы өзі қадағалауы тиіс.
- Пайдаланушының дербес деректері
2.1. Осы Келісімді жасай отырып және дербес деректерін ұсына отырып, Пайдаланушы осы дербес деректердің жинақталуына және өңделуіне келісімін береді. Бұл келісімге жинақтау, жүйелеу, сақтау (талаптар туындаған жағдайда), нақтылау (жаңарту, өзгерту), пайдалану (жеке байланыс, жарнамалық және/немесе маркетингтік материалдарды жолдау, іс-шараларға шақыру және заңмен тыйым салынбаған өзге мақсаттар), тарату (үшінші тұлғаларға беру, трансшекаралық беру), иесіздендіру, бұғаттау және жою, сондай-ақ дербес деректерді орналастыру/көрсету кіреді. 2.2. АЖ-ні пайдалану Пайдаланушының Қоғамның ақпараттық жүйесінде орналастырылған Құпиялылық саясатының шарттарымен келісетінін білдіреді.
- Пайдаланушының құқықтары мен міндеттері
3.1. Пайдаланушы АЖ-де тіркелу кезінде Қоғамға нақты, толық әрі шынайы ақпарат ұсынуға міндетті. 3.2. Пайдаланушы АЖ-де Қоғамның немесе үшінші тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін бұзуы мүмкін ақпарат пен материалдарды (оның ішінде сілтемелерді) орналастырмауға міндеттенеді. 3.3. Пайдаланушы АЖ-ні осы Келісімге және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес пайдалануға құқылы.
- Қоғамның құқықтары мен міндеттері
4.1. Қоғам қажет болған жағдайда Пайдаланушы енгізген деректердің дұрыстығын тексеруге құқылы. 4.2. Егер Пайдаланушы осы Келісім талаптарын және/немесе Қазақстан Республикасының заңнамасын бірнеше рет немесе өрескел бұзатын болса, Қоғам АЖ-ні пайдалануды тоқтата тұруға, шектеуге немесе толықтай тоқтатуға құқылы.
- Тараптардың жауапкершілігі
5.1. Пайдаланушы АЖ-ге тіркелу кезінде ұсынылатын деректердің шынайылығы үшін толық жауапкершілікті өзіне алады. 5.2. Пайдаланушы АЖ-ні пайдалану кезінде өз әрекеттері/әрекетсіздігі нәтижесінде Қоғамға келтірілген нақты материалдық залалды өтеуге міндеттенеді. 5.3. Қоғам өз міндеттемелерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауап бермейді, бұл келесідей жағдайларға байланысты болуы мүмкін: а) форс-мажор жағдайлар; б) нормативтік-құқықтық актілердің өзгеруі немесе күші жойылуы; в) мемлекеттік органдар мен үшінші тұлғалардың әрекеттері; г) байланыс операторлары көрсететін қызметтердің сапасының төмендеуі; д) Қоғамға тәуелсіз өзге себептер.
- Қорытынды ережелер
6.1. Осы Келісіммен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес реттеледі. 6.2. Осы Келісімге қатысты немесе оның аясында туындаған барлық даулар Қоғам орналасқан жердегі сотта қаралады. 6.3. Қоғам Пайдаланушы тарапынан Келісім талаптары бұзылған жағдайда әрекет жасамауы кейін өз мүдделерін қорғау үшін шара қолдану құқығынан айырмайды. 6.4. АЖ-ні пайдалану мәселелері бойынша барлық сұрақтар, ұсыныстар мен өтініштер келесі мекенжай бойынша жолдануы тиіс: kuzhat@orleu-edu.kz немесе +7 (7172) 574-600.
ПАЙДАЛАНУШЫ КЕЛІСІМІНЕ ҚОСЫМША
АЖ ПАЙДАЛАНУШЫСЫНЫҢ ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРІН ЖИНАУ ЖӘНЕ ӨҢДЕУГЕ КЕЛІСІМІ
Мен, АЖ пайдаланушысы ретінде, «Өрлеу» біліктілікті арттырудың ұлттық орталығы» акционерлік қоғамына (БСН 120740006206, бұдан әрі – Қоғам) өзімнің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісімімді беремін.
Осы келісім дербес деректерді өңдеу мақсаттарына қол жеткізу мерзімі ішінде және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген сақтау мерзімі шеңберінде жарамды болады.
Дербес деректерді жинау және өңдеу мақсаттары, жиналатын деректердің тізбесі, дербес деректердің үшінші тұлғаларға берілуі, трансшекаралық берудің болуы және басқа да мәліметтер Қоғамның Құпиялылық саясаты мен Пайдаланушылық келісіміне сәйкес реттеледі.
Дербес деректердің ашық дереккөздерде таралуы көзделмеген.
Мен дербес деректерімді жинауға, өңдеуге және Құпиялылық саясатында, сондай-ақ Пайдаланушылық келісімде көрсетілген өзге де әрекеттерге келісімімді беремін.