Өрлеу

«КІТАП КӨПІРІ»: «ӨРЛЕУ» ФИЛИАЛДАРЫ «АБАЙ ЖОЛЫ» РОМАН-ЭПОПЕЯСЫН ТАЛҚЫЛАДЫ

«КІТАП КӨПІРІ»: «ӨРЛЕУ» ФИЛИАЛДАРЫ «АБАЙ ЖОЛЫ» РОМАН-ЭПОПЕЯСЫН ТАЛҚЫЛАДЫ
Мемлекет басшысының және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Кітап оқитын ұлт» бастамасы аясында, «Оқу мәдениеті – ұйым мәдениеті» акциясы шеңберінде «Өрлеу» БАҰО» АҚ  Жетісу облысы бойынша филиалы мен Алматы қаласы бойынша филиалы ұжымдары арасында «Кітап көпірі» атты онлайн телекөпір өтті.

Кездесудің негізгі мақсаты – кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, көркем әдебиетке деген қызығушылықты арттыру және ұжымдар арасында рухани-мәдени байланысты нығайту.

Онлайн сессия барысында қатысушылар Мұхтар Әуезовтің әлем әдебиетінің көрнекті туындыларының бірі – «Абай жолы» роман-эпопеясын талқылап, шығарма мазмұны мен көтерген мәселелері төңірегінде өзара пікір алмасты.

Кездесу бірнеше кезең бойынша ұйымдастырылды. Алғашқы кезеңде екі филиалдың өкілдері шығарманы өз түсініктері мен түйген ойлары негізінде таныстырып, кітаптың мазмұны мен негізгі идеяларына тоқталды.

Келесі сұрақ-жауап кезеңінде екі тарапқа ортақ сұрақтар қойылып, қатысушылар өз білімдері мен шығарманы түсіну деңгейлерін көрсетті. Одан кейінгі пікір алмасу кезеңінде роман-эпопеядағы оқиғалар, кейіпкерлер бейнесі мен шығарманың тәрбиелік мәні талқыланды.

Төртінші кезеңде қатысушыларға шығармашылық тапсырмалар ұсынылды. Әр топ кітаптың мазмұны мен идеясын айшықтайтын ұран әзірлеп, арнайы хештег ойлап тапты. Бұл кезең қатысушылардың шығармашылық белсенділігі мен топтық жұмысына ерекше серпін берді.

Қорытынды бөлімде әр филиалдан бір өкіл сөз алып, «Абай жолы» роман-эпопеясынан алған әсерімен, жеке пайымымен және шығарманың бүгінгі қоғам үшін маңыздылығы туралы ойларымен бөлісті.

«Кітап көпірі» онлайн кездесуі екі филиал ұжымының рухани байланысын нығайтып қана қоймай, кітап оқу мәдениетін ортақ құндылық ретінде дәріптеуге мүмкіндік берді. Осындай тағылымды бастамалар арқылы кітап оқуды ұйым мәдениетінің ажырамас бөлігіне айналдыруға және ұжым мүшелерінің зияткерлік әлеуетін арттыруға жол ашылады.

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

«КІТАП КӨПІРІ»: «ӨРЛЕУ» ФИЛИАЛДАРЫ «АБАЙ ЖОЛЫ» РОМАН-ЭПОПЕЯСЫН ТАЛҚЫЛАДЫ — Өрлеу